тұлпар-ды , Тұлпарға бәрі іңкәр-ді [Н.К.ІIт].
Көлікті адам озған-ды, Көліксіз мойнын созған-ды. Ақсақ Темір Көреген Ықпалы жетіп үдеген. Қытай, қалмақ, монғолдың Қалаларын бұзған-ды. Мұсылманды жиған-ды . Мұсылман сансыз тозған-ды. Едіге бидің ен аруақ Мұса ханға қонған-ды [Н.К.ІIт].
Қанша қашық болса да, Несі бар жауға бармас-ты. Сол қалмақтың елінің, Жақындамай шебіне, Бұл шабысын қоймас-ты... [Н.К.Iт]
Ерімбет ақынның Нұртуған жыраудан бұрын өмір сүруі себепті оның
тілінде көне тұлғалар жиірек кездеседі. Анығырақ айтқанда, діни,
философиялық ұғымдар Нұртуғанға қарағанда Ерімбетте көбірек қолданыс
табады.
Ерімбет шығармаларында бұйрық рай тұлғаларының көне түрлері
молынан ұшырасады. Қалыпты бұйрық райлы етістіктің ІІ жағымен қатар,
шығармада
қыл/кіл, ғыл/гіл гін/кін (айт-қыл, біл-гіл, кел-гіл, бер-гіл, бол-ғыл,
тұт-қыл, ұр-ғыл, қой-ғыл, тұр-ғыл, жатпа-ғыл, айтпа-ғыл, кел-гін, көр-гін),
98
кейде
ың/ің (сат-ың, жү
р-ің) қосымшалары жалғанған түрлері кездеседі.
Мысалы,
¤ «Әй, балам көргеніңді айтқыл сауап Келмедің бір, екіде, үш шақырым, Айтып бер, тоқтауыңа нендей сәбәп?». ¤ Жақсылар, бұл наманың жөнін білгіл, Ашылса баһарда бақ сайрар бұлбұл. ¤ Кел енді, келгіл енді,