99
Құй
балта қыл,
құй
қылыш,
Яки қанжар қыл пышақ.
Сұғар қоңыр таппенен
Осқылар болса жаяның,
Төгінді қара тұзбенен
[E.К].
Жоғарыда берілген мысалдардағы көне
құй
кезектестік
жалғаулығы сол
уақытта актив қабатта қолданылғанымен, қазіргі тіл қолданысында пассив
қабаттағы көне
формантының орнына
мейлі
тұлғасы қолданылады.
Нұртуған мен Ерімбет шығармаларындағы негізгі морфологиялық
ерекшеліктері анахронизмдердің молынан ұшырауы. Қазіргі тіліміздегі
лексикалық, фразеологиялық т.б. нормаларға сай
келмейтін сөз қолданыстары
үшбу, құй, бірлән, -дүр, -қыл/-кіл, -ғыл/-гіл, -гін/-кін, -ың/-ің
қазіргі қазақ әдеби
тілінің нормаларына сай емес.
Ақындар шығармаларының тілінде сөз таптарының әрқайсысынан-ақ
көнерген аталымдарды байқауға болады. Мысалы,
садақ, найза, байрақ, сүңгі,
айбалта (
зат есім);
мекер, дүр
(сын есім);
қырық мың жығын қол, он сан ноғай,
екі арыс ел
(субстантивтенген сан есімнің тіркесі);
ықрад қылу, жад ету, атой
салу, тәстәп қылу
(етістік);
хас, ақшам, намаздыгер, зауал
(үстеу);
базбіреу,
һәмме, үшбу, ошал
(есімдік);
бірлән, һәм
(шылау);
Уа дариға! Уа тақсыр!
сөздері
(одағай) болып есептеледі. Бұл фактілер тілдің даму барысында
көнеруі
жан-жақты әр тараптан жүріп жататындығын дәлелдейді.
Зерттеу жұмысында Ерімбет пен Нұртуған ақындар шығармаларында
көптік категориядағы жылпылау сипаттағы
жұмла
(түгел, барлық),
жамғы
(барлық, бәрі),
жамиғы
(бүткіл, жиналған) есімдігімен тіркескен сөз тіркестері
мен
һәмме (барлығы, бәрі), жам (көп)
есімдігін орнымен жүйелі түрде
қолданады.
Киелі сойдан шыққан әулет еді ол,
Әзелден
жұмла халық
құрметтеген
[E.К].
Бұрынғы неше мұрсал, неше нәби,
Құрықтан құтылған жоқ, ажал атты-ай!
Шаһарияр отыз үш мың
жұмла асһаб
,
Әскерлі неше патша тақтан ұшты-ай
[E.К].
Періште көкте қуанды,
Зікір, тәспи көп айтқан.
Жұмла әулие
тебіренді,
Жәдігер жақсы тұяқтан
[Н.К.Іт].
Бұл бақта бағбан бар, − дейді, − күтіп тұрған,
Нәсілі үш нәрсемен бітіп тұрған.
Қосылса
жамғы жасы
жетпіс сегіз,
Екі жыл әрқайсысынан өтіп тұрған
[E.К].