244
Хақ
−
діни. құдайдың көп аттарының бірі.
Араб тілінде
хақун
–
шын,
рас, анық, тура
дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 252).
Нұртуған, Ерімбет өмір
сүрген уақытта дінге деген көзқарас өте басым екендігін шығармаларынан анық
байқауға болады. Дос тұттым төрт шаһарияр түгелінен,
Нәбиге дін ашқанда
болған құрал. Ақиқат
хақ
досының достары едің, Етпеген исламға ешбір залал
(Ерімбет).
Оқу іздеп, қарағым кеттің ұзап,
Саулығыңды отырмыз
хақтан
сұрап. Шөл де болар жолыңда, жау да болар, Бір шыққан соң жүре бер қайтпай
шыдап!
(Нұртуған).
Растың бір аты –
хақ, хақтың
бір аты – Алла
(Абай).
Құбылаға бас беріп, Екі көзге жас беріп, Байбөрі
хаққа
налыды
(«Алпамыс»).
«Арамның аңғарына түспеңіз» деп, Сөз еді шығатұғын сіз тараптан. Қақпалап
ата ізінен адастырған, Әзелден жазу шығар тағдыр
хақтан
(Қаңлы Жүсіп).
Халифа (қалипа, халиф)
–
1) мирасқор; 2) орын басушы; 3) тарих.
халифа (Мұхаммедтің мирасқоры, орнын басқан, мұсылмандардың діни және
өкімет билігін басқарған әкім атағы).
Бір күні «Сөйлес!» деген шықты дабыс,
Сұлтанға сол көрінді ғажабырақ. Ол періште бала сурет кірді есіктен, Қамыс ат
белортадан сынығырақ. Сол жерде сен айтқандай айтқаны рас, Сендей сөккен
жоқ
Достарыңызбен бөлісу: