Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Қол  бастағанға  ұқсайды – дейді. Осы өлең жолдарындағы  қол



Pdf көрінісі
бет47/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   393
Қол
 бастағанға 
ұқсайды – дейді. Осы өлең жолдарындағы 
қол
 – тарихи «әскер, жасақ»
деген 
мағынада қолданылып тұр. 
Қазақ тілінің сөздігінде «қол» сөзінің үш түрлі мағынасы көрсетілген:
І Қол 
– 
1) адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін мүшесі; 2) Ауыс. 
қолтаңба, жазу, почерк; 3) жұмыс күші, адам;
ІІ Қол 
− көне. әскер, жасақ, 
жауынгер; 
ІІІ Қол
 
− жөн, ыңғай, лайық 
[68, 401-402 бб.]. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде::
І Қол 
адамның иығынан бастап 
саусақтарына дейінгі мүшесі;
 ІІ Қол 
− ірі әскер бөлімі
[69, 332-333 бб.] деген 
мағыналары көрсетіліген. 
Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихын арнайы зерттеген ғалым
Т. Байжанов қазақ тілінің ерте кездегі және қазіргі кездегі әскери лексикасын 
жан-жақты талдаған. Ол әскери лексиканың құрамындағы кірме терминдер мен 
байырғы атаулардың ара-жігін ажыратып, олардың шығу тегі мен қолданыс 
ерекшеліктерін анықтады. Ғалым 
қол
сөзінің терминденуі жөнінде былай 
дейді: «қазақ тілінде 
қол
сөзінің басты мағынасы – адамның дене мүшесінің 
аты. Кейінірек 
қол
сөзінің «әскер, жасақ» мағынасы пайда болған. Демек, 
қол 
атауы метафораланып барып, «әскер, армия» мағынасын алған [85, 38 б.]. 
Сонымен қатар, бұл үлгіні терминжасамның бір үлгісі (моделі) ретінде 
пайдалана отырып, жаңа терминдер жасауға әбден болады. Тіліміздегі 
терминжасам мүмкіндігін жетілдіру осылай жүзеге асуға тиісті екендігін 
айтқан жөн. 
Қазір бұл көрсетілген екінші мағынасында мүлде қолданыстан шығып, тек 
«адамның дене мүшесі» ұғымындағы негізгі мағынасымен бірге 
«қол қою», 
«қолтаңба» 
(подись)
тіркестерінің 
құрамында 
ауыспалы 
мағынада 
қолданылады. Дегенмен, «қол» аталымының барлығына ортақ мағына 
қимылдық қасиеті
уәж, себеп болып отыр. 
Сонымен қатар Нұртуғанның «Мәулімнияз–Едіге» дастанында мынадай 
жолдар кездеседі: 
Артыңнан барған Жанбайға, Өкпелепсің хандарға. Халық-
қалия, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет