51
Көнерген аталымдардың лексика-семантикалық топтары
Тілдегі көнерген аталымдардың көнеруі не біржола жоғалуы – күрделі
құбылыс, ол өте ұзақ уақытты қажет етеді. Белгілі бір ұғымның көнеруіне
байланысты сол ұғымды аңғартатын аталымның да қолданысы сирей бастайды.
Тіл-тілде дамудың әртүрлі кезеңдері тудырған тіл өрнектері толып жатыр.
Ондай тіл фактілері өткен дәуірдегі болған
оқиғаларды тарихи жағдайға
байланысты суреттеуде жұмсалады, әрі шығарманың
көркемдік дәрежесін
арттырып отырады.
Н. Кенжеғұлұлы мен Е. Көлдейбекұлы шығармаларының аясы өте кең, сан
алуан. Аталмыш ақындар өздері өмір сүрген дәуір тынысын сезініп, біліп,
танып, шығармалары арқылы үн қосып отырған.
Ақындар көркем
шығармаларында сол тұста мол қолданылған,
бірақ қазір көнерген болып
есептелетін аталымдарды қолдана отырып, шығарманың лексика-семантикалық
қабаттарын байыта, ажарлай түскен.
Зерттеу жұмысында ақындар шығармаларында кездескен көнерген
аталымдарды
сұрыптай келе, бес тілдік қолданыс анықталды. Олар:
қазақ,
араб-парсы, моңғол, орыс тілдері.
3 сурет - Е. Көлдейбекұлы мен Н. Кенжеғұлұлы шығармаларындағы бес
тілдік көнерген аталымдардың пайыздық (%) көрсеткіші
Н.Кенжеғұлұлы мен Е.Көлдейбекұлы
шығармаларының лексикасын
байытып тұрған көнерген аталымдар. Екі ақынның да шығармашылығында
қазақтың жалпы халықтық тілін негіз етті деген қағиданы айтуға себеп болатын
негізгі фактінің бірі – олардың
сөздік құрамының ішінде
Достарыңызбен бөлісу: