Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет57/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   393
руссизмдердің қолданылуы
– қазақ 
жазба әдеби тілінің даму жолындағы «азаматтық паспорт» алған 
тенденциялардың бірі. Бұл тенденция аталған ақындардан бұрын жалпы 
халықтық тілдің өзінде басталған болатын. Оны бұл ақындарға дейінгі қалам 
иелері де жатсынбай қабылдап, шығармаларында 
орыс элементтеріне
орын 
бергені көрінеді. ХІХ ғасырда, көбінесе ІІ жартысында хатқа түскен ауыз 
әдебиеті үлгілерінде де орыс сөздерінің едәуір кездесуі осыны танытады. 
Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында осы кезеңдегі әлеуметтік жағдайдан 
елес беретін кірме сөздердің көне түрінің көптеп кездесетінін, оның ішінде 
орыстан кірген, қазіргі тілімізде көнерген аталымдар қатарындағы 
болыс 
(волость), князь, ояз (уезд, үйез началнтгі), шен (чин), губернатор, ауылнай 
(аульный) 
сияқты көнерген аталымдар кеңінен қолданылған. 
Шын мәнінде аталған ақындар шығармаларына келсек, бұл −
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында, дәлірек айтсақ, соңғы ширегінде туған көркем 
әдебиет жанры, оның ішінде поэзия дүниесіне қол артқан үлгілер. Олардың 
шығармаларының ерекшеленген негізгі белгілері: 
біріншіден, 
сюжетті, 
оқиғалы, көлемді шығарма болулары
екіншіден,
тақырыбы мен сюжеті араб, 
парсы, түркі тілдерінде жарияланған үлгілерден алынғандықтары; 
үшіншіден,
тілдерінде, әсіресе грамматикалық тұлға-тәсілдерінде шағатайлық, ескі 
қазақтың жазба дәстүр элементтерінің қатысуы болып табылады. 
Әртүрлі тарихи құбылыстарға орай, қолданысқа енген кірме сөздер бірте-
бірте тілдік дәстүрге ауысқан да ұлттық мұра ретінде жалғасын тапқан. 
Көнерген аталымдар ескіру көрсеткіші арқылы ғана қазақ тілінің 
лексикасынан оқшауланып, көнерген аталымдардың лексикасын құрай алады. 
Тілдегі көнерген аталымдар негізінде мынадай екі топқа бөлінеді: 1) 
тарихи 
аталымдар 
(историзм); 2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет