64
«Шайыр»
сөзі Кеңес дәуірінде көнерген аталымға айналғанымен, жаңа
қоғамда өз мағынасында қайта қолданыла бастады.
Қазіргі айтыс өнерінде
«шайыр» ұғымының орны ерекше аталып жүр.
Нұртуған ақын шығармаларында
«құл-құтан»
сөзі жиі ұшырасады.
А. Махмұтов:
құл-құтан
− құл мен қотан (қора) маңындағы жұмыста
жүретін жарлы, жақыбайлар
деп түсіндіреді
.
Қырғыз тілінде
қутан
/прислужник/
жалшы
дегенді білдіреді [92, 404 б.] – дейді.
Қотан
көптеген
түрлі тілдерде
қора, мал жататын орын
деген мәнде,
өзбек тілінде
қутон
/қутон/ стадо баранов, баранье стадо: овчарня; загон /для овец/
бір қора қой, қой
жататын қоршалған ашық қора
[100, 638 б.] деген мағынада қолданылады.
Бұл сөз Нұртуған шығармаларында
жарлы-жақыбай
мағынасында
қолданылған. Мысалы, ақынның «Өкініш»
деген өлеңінде былайша
қолданылады:
Сендерді бұрынғыдай күйде көрсем, Бір сергіп қалар еді шыбын-
жаным. Досың кім, дұшпаның кім жазбай танып, Қорғайық
Достарыңызбен бөлісу: