Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


лексикалық түбірлес туынды көнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет83/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   393
лексикалық түбірлес туынды көнерген аталымдар 
(архаизмдер)
деп атаған жөн. 
Сыр сүлейлері шығармаларындағы шеттен енген кірме сөздердің көпшілігі 
пассивтеніп, мағынасы күңгірттенген. Ол сөздердің құрамында дыбыстық 
өзгерістер де анық көрінеді. Мысалы, 
«Бисмилла», «Әуелі Алла!» сөз бастаймыз, 
Зейіліңмен хикаяны тыңдасаңыз
Ілгергі ақ Расулінің заманында, 
Сахаба түгел еді шаһарияр, 
абыз
 
[E.К]. 
Ерімбет өлеңдерінде кездесетін 
«абыз» 
сөзі үш түрлі мағынаға ие: 
абыз

1) қорғаушы, күтуші, сақтаушы (кітаптарды), жадында жатқа сақтаушы; 
2) құранды жатқа білетін адам (Шаман дініндегі халықтың молда, сопы, 
бақсы сияқты адамдарына берген аты); 3) көп ән мен өлеңді жатқа білетін 
адам.
Абыз 
якут тілінде 
абыс,
ал мағына жағынан бір-біріне өте жақын ортақ 


72 
(ап) түбірлі сөздер. Мұндағы 
абыс, ап
сөзінің мағынасы: 
сиқыр, сиқырлық, 
тылсым, көз байлағыштық, еліктірушілік. 
Моңғол мен қырғыздың көне жазу 
ескерткіштерінде бұл сөз аңды алдау жолымен ұстау, тор құру дегенді білдіреді 
[110, 89 б.]. Бұл фактілер абыз сөзінің алғашқы түбірі 
ап
болғандығын 
дәлелдейді, 
-ыз, -із 
зат есім тудыратын көне жұрнақ. 
Ап 
түбіріне 
-ыз 
жұрнағы 
қосылғанда кейінгі ықпалдың әсерінен (дауысты ы) 
п
-
ның 
б-
ға айналып кетуі − 
түркі тіліне, соның ішінде қазақ тіліне тән құбылыс. Ертеде есімге жалғанып
жаңа есім тудыратын 
-ыз, -із
жұрнағының болғанына ешқандай күмән жоқ. Бұл 
пікірлерді қазақ тіліндегі 
жауыз
сөзі толық дәлелдей алады. 
Жау
сөзіне 
–ыз
жұрнағы жалғану арқылы 
жауыз
ұғымының жасалғаны белгілі. 
Сол сияқты Нұртуған шығармаларында 
«байрақ»
сөзі молынан 
ұшырасады: 
Сен болсаң бұлбұл бақтағы
Мен едім ашық қызғалдақ! 
Сен болсаң асыл арғымақ, 
Бәйгеде тұрған мен 
байрақ 
[Н.К.Іт]. 
Тарихи деректерге қарағанда мұндағы 
байрақ
сөзінің көне түрі 
«батрақ»
болса керек. Кейінгі кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет