Біреуді бір тиынға зар қылады [E.К].
Біреуінде қатын жоқ, Біреуінде жақын жоқ, Біреуінде аға жоқ, Біреуінде бала жоқ [Н.К.Іт].
Жау үркіп көшкендей, Жау төбеңді тескендей [Н.К.ІIт].
Мұндай қолданысты терминжасам тұрғыдан
анафора деп атайды.
Тағы бір айта кететін құбылыс, ақындар өмір сүрген тұста жазба әдебиет
дұрыс қалыптаспағаны байқалады, яғни орфографиялық заңдылықтар
сақталмай, сөздердің айтылуы бойынша (орфоэпия) жазылған сөздер молынан
ұшырасып қалады.
Тіл білімінің фонетика саласы бойынша үнемдеу заңы теориялық жағынан
Б. Сағындықұлының еңбегінде нақты талдау жасалған: «Ауызекі сөйлеу тілінде
барып едім ~ барып ем; көріп едім ~ көріп ем, барамын ~ барам, көремін ~ көрем, барады ~ барад, айтады ~ айтад формасында айтыла береді. Қысқару,
ықшамдалу фактілері өте көп. Бұлардың барлығы ежелгі дәуірден қазірге дейін
үнемдеу заңының тілдің қалыптасуы, дамуы барысында елеулі қызмет
атқарғанын көрсетеді. Үнемдеу қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдерінде
бар. Өзгеру механизмі олардың бәріне бірдей ортақ» [106, 105 б.].
Әр сөз жеке сөздік екпінінен айырылып, бәрі түгелімен бір ғана екпінге
бағынады. Сөз арасындағы кідіріс (пауза) жойылып, жеке сұрағынан айрылып,
бәрі бір сұраққа жауап береді. Осындай әрбір алдыңғы сөздің соңында тұрған
дауысты фонема өзіне екпін түспегендіктен, айтылуда жойылып, сандық
редукцияға айналады. Бірақ негізгі мағынасын жоймай сақтап қалады
[107,
72
б.].
Айтылған
пікірді
дәлелдеу
үшін
ақын-жыраулар
шығармаларындағы мысалдармен дәлелдейік.
Нұртуған шығармаларында орфоэпиялық құбылыстың тікелей айтылу
қалпында берілуі көбінесе күрделі етістіктердің құрамында кездеседі. Ақынның
«Лайқат ер жігітке түзу мылтық» өлеңінде:
Құндағы қызыл тұттан болса және Үш күнде тоттандырмай тұрсаң сүртіп. Ұсынсаң аспанда ұшқан ақша құрға