Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет95/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

синтетикалық тәсіл
негізінде жасалған болымсыз -
сыз
тұлғасының орнына 
түбірдің алдынан жалғанған парсы тілінен кірген 
-бей
қосымшасымен жасалған 
сөздер жиі ұшырасады. Мысалы: 
Айдынды-Имаш жас бала, Қыршынынан 
қырқылған. 
Бейарман 
кетті не пайда Өлгеннен соң қыңқылдан?!
[Н.К.ІIт]. 
Бейжарақ,
жабдықтанбай жауға ұмтылып, Дей көрме: «Жаппар ием, өзің 
сақта-ай!»
[E.К]. 
«Біреуің кейін тұр!» дей ме, Шақыра ма жекелеп. Іштен 
жарлық келгенше, 
Бейтәртіп
болма өте» деп
[Н.К.Iт]. 
Беймұқтаж
 
пәруәрдігер құл ісіне, Адыңғы жақсы пиғыл зор дәләлат 
[E.К]. 
Қырық мың 
жығын жау келсе
Бейқұт
елді бүлдірер
[Н.К.ІIт].
Атаның досын дұшпан 
көрмегейсің, Бас қоспа, 
бейасылға,
 жарамсыздай 
[E.К]. 
Насихат, сал құлағың, 
тыңда балам, 
Бейзекет 
бірде болса жима харам 
[E.К].
Салыдай салауатың 
көріп едім, 
«Бейөлшеу
 бұл пәниге, − деп,− қызықпас»
[E.К]. 
Әлхисса, сөз аяғын 
еткен тамам, Молла Омар 
бейпарасат,
ақылы төмен 
[E.К]. 
Кәмбілден 
бейлайқат
 сөз шығыпты, Бағасын кеміткендей ниғымәттің. Алланың дерегіне 
халым қиын, Қор тұтқан ұлық нәпақты 
бейәдептің 
[E.К]. 
Шығады адасқан 
сөз ақылы кемнен, Анасы асыл, атасы 
бейзат
 қашырдай-ақ 
[E.К]. 
«Бөрі ашар, 
түлкі көмер» деген нақыл
Бейлаж 
перде ашылды бұл уалаяттан 
[E.К]. 
Болмаса 
бейпарық 
айтқан сөзің бе еді, Пиуа ішіп, сірә, 
бейхош
 болғандықтан?
[E.К] 
«Тағы бар, жатыр жалғыз тас киімді, 
Беймағлұм,
күллі ағзасы доп-
домалақ» 
[E.К]. 
Біткен күн, өлшеулі өмір, таусылған дем, 
Бейопа 
сындырмаған 
кімнің сағын 
[E.К]. 
Ішіне кіріп Һән хазірет, Ұйықтап қалды 
бейтап
 боп, Тікен 
кіріп, тас қаққан Тәніңдегі жарадан 
[E.К]. 
Халайық, сақилыққа салсаң көзің, 
Бейбағдар
тым жыраққа кетпе өзің! 
[E.К]. Mұндағы
бей 
парсы тіліндегі 
(предлог без) болымсыздықты білдіретін префикс. Мұндай құбылыс қазақ тіл 
білімінің негізгі заңдылықтарына жатпайды. 
Қолданысқа жаңадан еніп жатқан сөздердің көпшілігі қазақ тілінің 
сөзжасам процесіндегі ең өнімді афикстер арқылы өмірге келіп жатады. Соның 
бірі арабтың «
нама»
 
сөзі қазақ тілінде жеке сөз ретінде қолданылмай, афикс 
ретінде белгілі бір түбірге жалғану арқылы белгілі бір мағынаға ие болады. 
Мысалы, 
Мен де жаздым Сәтемір, Саған арнап 
намамды.
Өзім өлсем, 


81 
артымда Тапсырамын баламды
[Н.К.Іт]
.
Жолданды бізден 
нама
 сұрамаққа хал, 
Екі «мим» жанабыңа «жа» менен «дал». «Сын», «һи» шам дұғамыздан еште 
қалман, Сақтағай даргаһінде һақ зүлжалал!
[E.К] – деген өлең жолдарында 
«
нама»
жеке атау ретінде қолданылып, 
хат
мағынасында жұмсалып отыр. Бұл 
сөз афикс ретінде Нұртуған ақын шығармасында түбірге жалғанып белгілі бір 
мағынаға ие болады. Мысалы, 
Нұртуған, сағынышты 
сәлемнама, 
Жас жанға 
жүрім бергей жаббар Алла! Тілектес заман-құрбың сыртыңыздан, Қастеге 
шипа тілеп, дертке дауа 
[Н.К.ІІт] – деген өлең жолдарындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет