Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет342/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   393
төлеңгіттер,
өңшең билер Бәрің де аманбысың, жан-жамағат?! 
(Нұртуған).
Енді бір кезде 
хан Шернияздың көзін ала беріп, есік алдындағы 
төлеңгіттердің
біріне иегін 
көтергендей болды 
(Нұртуған). 
Жоғарыда келтірілген деректердің бәрінде де 
төленгіт сөзі − әлеуметтік топ ретінде хан-сұлтандардың шабарманы, малайы, 
қызметшісі мағынасында қолданылған. 
Төленгіт
сөзінің семантикасы жөнінде 
басқа да жорамалдар бар. Зерттеуші С. Жанпейісова бұл ұғымды этностық атау 
ретінде де кездесетіндігі жөнінде өз еңбегінде Л.Н.Гумилевтен мынадай үзінді 
келтіреді: «Самоназвание «тело» до сих пор живет в алтайском этнониме 


236 
телеут. Потомки теле-якуты, теленгиты, уйгуры и др. Телесцы составили 15 
племен: Дубо (тубалары), Долангэ (телегиты), − Бугу... Восточную часть 
Горного Алтая ныне населяют теленгиты. На севере теленгиты соседят с 
черневыми татарами (йиш-кижи), на востоке с тувинцами, на юге с казахами, а 
западе собственно с алтайцами (алтай-кижи)... Телесами называют себя 
северные теленгиты (кит. доланьгэ) занимали обширную территорию на 
Хангое, к западу от Орхона и считались одним из телеских племен». Зерттеуші 
С.Жанпейісова: «Гумилев олардың әуелде әлеуметтік топ болғандығы жөнінде 
ештеңе айтпайды, тек этнос ретінде өте ерте заманнан өмір сүріп келе жатқан 
тайпа деп қана қарайды», − деп атап көрсетеді 
(Жанпейісова С. Қ. т. рух. мәд. 
лек. А., 1996, 20). 
В. В. Радлов еңбегінде: Осман түріктерде 
түlүнгү
(osm 
Biancki) 
Verql tүlo
– нищий. Ал (tүlo kkir, von tila+ү) – 
tilaү
– просьба; моление 
(Радлов В.В. Оп. сл. тюр. нар. 1893-1911, ІІІ т., 1569-1570). 
Ә. Нұрмағанбетов 
төленгіт сөзіне талау жасай келіп, оны «төрені күт тіркесінің өзгерген түрі» 
деген пікір айтады 
(Нұрмағамбетов Ә. Қос сөз. құп. А., 1991,73).
Бұл сөздің 
қырғыз тілінде де осындай мағынасы бар екенін К.К.Юдахиннің еңбегінде: 
«толенгут ист. ханский челядинец» деп көрсетсе
(Юдахин К.К. КирРС. М., 
1965, 737).
С.И.Ожегов еңбегінде челядь сөзінің мағынасы: «челядь – 1. при 
крепостном праве; дворцовое слуги помещика; 2. перен. Чьи-нибудь 
прислужники, приспешники» деп берілген 
(Ожегов С. И. Сл. русс. яз. М., 1990, 
718). 
Келтірілген деректерді қорытындылай келе, Ә. 
Нұрмағамбетов пікірімен толықтай келісуге болады. Себебі, 
«төленгіт»
пен 
«төрені күт»
тұлғаларына сәйкес келетіні, дыбыстық заңдылыққа бағынып, 
кірігіп кетуі мүмкін.
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет