Тәрк етіп ұшырадытәтті
ұйқысын
(Т. Әлімқұлов). Дос болған соң әзәлдан, «Әмірді
тәрік еттің» деп,
Құдіретті мұны шал алған
(Базар жырау). Хат жаздым ұшырауға сегіз салға,
Тәрік еткен дүниені семіз малға
(Ұлбай қыз). Тәстәп –
байқап көрді, тәуекел етіп көрді. Ол күнде бұл жерлерге жете
алмаған, Әртүрлі кемістікпен қолында аспап. Жолында неше теңіз өткел
бермей, Ұрысқан оң-солымен қылып
тәстәп (Нұртуған). Тәубә − өткендегі жаман істеріне өкініп, енді оны қайталамауға Алла атына ант беру, уәде қылу. Араб тілінде
таубатун –
мойындау, тәубе қылу, өкініш, өкінушілік, түзету; өкінушілердің айтатын алла эпитеті дегенді
білдіреді
(АРС., М., 1958, 129). Сезіп, түйіп аңғарды Шілде дүлей боранды.
От
пен суға табынып,
Табиғат күшін танымай,
Мінәжат,
тәубе сұранды
(Нұртуған). Тәубә (тоба) − әр адамның өз тағдыры мен құдайдың бергеніне
ризалық білдіруі. Сол сияқты істеген күнәсі үшін қатты өкініп, Аллатағаладан
кешірім сұрауы
тәубә деп аталады. Шын
тәубәға келіп , оны екінші
қайталамайтындардың күнәсі кешіріледі
(Кенжеахметұлы С. ЖҚ. А., 2007). Тәубе , дұға түк те жоқ тентек бойда, Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда
(Абай). Әділ, мырза ер болып, Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып жерлепті
(Абай). Текдар (дегдар) −
атақты, дәріпті, қадірменді. Қолда барды аяған
Сендей
текдар тұқымнан – Құдай алдында зор ұят
(Нұртуған). Ұйқыдан мені
ояттың, Оятып алып сөз айттың?! Осындай да бола ма, Асыл
текдар , зор
айттың?! Ерлік қылып оятып, Түсінерлік кеп айттың
(Нұртуған). Өлгенше
қашып, ұмтылар, Оқ тисе құстың порасы. Аз ғана оттап, көп жусар, Жылқының