Өтілу мерзімі/Сроки проведения практики


Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы



бет5/7
Дата11.09.2022
өлшемі2,62 Mb.
#38823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тасқұл Гүлбану — копия

Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы.
Баланың басқалармен, оқытушымен белсене араласуға деген қасиетінің қалыптасу дайындығынан тұрады. Бала мектепке, сыныпқа келіп жұмыс істеп жатқан балаларды көреді, олармен қарым қатынас жасау үшін көп күш- жігер керек, компромиске баруы, өзін- өзі қорғана білуі керек. Бұл жағдайлармен халыққа білім беру саласында жұмыс істейтін практикалық психологтар жиі кездеседі. Жыл сайын сәуір айынан бастап тамызға дейін 6-7 жасар балалар мектепке қабылдана бастайды. Әр мектепте балаларды қабылдау әртүрлі әдістермен ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық жерде мектепке психологиялық дайындықтың деңгейі анықталуы тиіс. Бұл кезде психолог көбінесе топтық және жеке даралық психодиагностикалық зерттеулер өткізеді. Топтық зерттеулер барысында балаларда интеллектуалдық дамудың деңгейі, қолдың нәзік моторикасының дамуы, қол мен көз көру іс-қимылдарының координациясы, баланың үлгіні қайталауы жалпы түрде көрінеді. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін Керн-Ирасектің «мектептік кәмелеттікті» анықтауға бағыттайтын тестін қолдануға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процесстері мектепке
кіргеннен кейін недәір өзгерістерге ұшырайды. Сыртқы дүние заттарымен
құбылыстарының жеке қасиет терінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен
пайда болатын бейнелерді түйсік дейді. Түйсік арқылы заттардың түсін,
иісін, дәмін, қатты жұмсақты ғын, кедір бұдырлығын т.б. осы секілді
қасиеттері ажыратылады. Түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер
жөнінде де дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке
бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүние танып білу түйсіктен
басталады. Ол білім атауының алғашқы көзі. Түйсіктер заттар мен нәрселердің
тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.
Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олар үш бөліктен
құралады. көру, есту, қозғалыс. Олар: бірінші сезім мүшесі. Сырттан
келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер.
Анализатордың екінші бөлігі миға баратын жүйке талшықтары. Анализатордың
үшінші құрамы мидағы түрлі жүйке орталықтары. Егер осы анализатордың үш
бөлігінің біріне зақым келсе, мәселен, көзге зақым келсе көру түйсігіне
нұсқан келеді. Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп дамуына
еңбек процесі, тарихи әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің
тілдің, сананың пайда болуы күшті себеп болады. Адам түйсіктерінің
ерекшеліктері олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығы.  Оқу әрекетінің өзінетән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы
мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау аса қажет.
Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген
қатынасы да өзгеріп отырады.
Бала не үшін оқитындығын бар сана – сезімінен ұғынғанша, оған оқудағы
формализмнен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау
т.б.) құтылу қиын болады. Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын
тәрбиелеп , дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше.
Мәселен,олардың арасында мектепке, оқуға сыттай қызығып келетін балалар да
жиі ұшырайды. Мұндай бала мектептің үйіне, оның партасына, мұғалімге,
өзіндей балаларға көңіл бөледі. Оқу оны жөнді тартпайды, өйкені, оған қиын
көрінеді. Баланың көбінесе ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра
алмайды, жиі қозғалады, айналасына жиі қарай береді. Мұндай баланы үйіне
ойлатып не тыңдатып әдеттендірмеген. Оқуға білім алуға ұмтылуды тудыратын
мотивтер (себептер) болады ол бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар
өте қарапайым болып келеді. Мәселен, білімді адамның халқына мол пайда
келтіретінін, жұрттың ондай адамды құрметтеп сылайтынын түсіне бастайды.
Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың дамуында зор
рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл – ойдың дамуы, оқи
алуға үйрену бүгінгі күннің басты талабы.
Бастауыш саты – оқушыда оның ой — өрісі дамуының ірге тасы – оқу
әрекеті. Оқу әрекеті – оқу тапсырмалары түрінде құралады. Осы тапсырма
түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіппен, белгілі бір бағытта жүйелі арнамен
жүруін қамтамасыз етеді, жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістерін
қалыптастырады.
Оқу әрекеті деп білім алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол
өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа
алып отырған әрекет ілімнің жан – жүйелік негізін Б.Г. Ананьев,
Л.С.Выготский, А.И. Леонтьев, А.Р.Лурья, С.Л.Рубинштейн т.б. ғалымдар
жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш.А.Амонашвили,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков, П.Е. Гальперин т.б. зерттеулерінде
қалыптастырылды. Оқу іс — әрекетінің негізгі сапасы еңбек процесін нәтижелі орындауға
қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы
балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар
бойы асыл мұрасын, дағды тәрбиесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу
арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін
меңгереді, сөйтіп өзінің практикалық әрекетке дайындайды. Білім
жүйесін менгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы
түсінеді. Оларды жан – жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ
уақытты керек ететін күрделі процес. Оқу материалдары бала психикасына зор
талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден
тұрады. Мәселен, мұнын бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай
оқу керектігі жайлы мағұлымат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде
орындап көреді. Үшінші кезеңде бала ұғынған нәрсені ойына ұстап тұрады да
бесінші кезеңде бала затпен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын
болады. Ақыл – ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың
байланыс қатынастарын ажыратады. Бір нәрсені екінші оймен салыстыра
дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын ажыратады. Бір нәрсені
екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық ұқсастықтарын
көре білуге үйренеді. Мұндағы себеппен нәтиженің заңды байланысына
түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет