Отырар — ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай км жерде орналасқан. Отырар ғасырдың басынан Тарбанд



бет2/4
Дата18.11.2022
өлшемі40,41 Kb.
#51056
1   2   3   4
Отырардың сипаты
Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

  • 1-қабаттан (б.з. 1-6 ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды;

  • 2-қабаттың (7-8 ғасырлар) қалыңдығы 3 м-ге жуық;

  • 3-қабаттан (қалыңдығы 1 м-дей, 9-10 ғасырлар) қабырғалары шикі кірпіштен (422210 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;

  • 4-қабатқа (қалыңдығы 1,5 м, 11-13 ғасырдың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды;

  • 5-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 13-14 ғасырлар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24244 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды;

  • 6-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 15-16 ғасырлар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды;

  • 7-қабатының қалыңдығы 0,7-0,8 м (17-18 ғасырлар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.

1971-74 жылы аралығында Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4 га) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2-3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орталық бөлменің көлемі 20-35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30209 см, 27167 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биіктігі 20-30 см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16-18 ғасырларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр. [1]

Арыстанбаб


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет