Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.
Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан, сарсу т.б.
Зерттеу тәсілдері:
· микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік)
· микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу)
· биологиялық серологиялық (сирек қолданылады)
· аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары)
Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)
Туберкулезді анықтаудың негізгі әдістері:
Туберкулиндік диагностика;
Флюорографиялық тексеру;
Бактериоскопия;
Туберкулезді анықтаудың 2 жолы бар.
Белсенді – халық арасында профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы анықталады, әдістері – туберкулиндік диагностика балалар мен жасөспірімдер арасында және флюорографилық тексеру жасөспірімдер мен ересектер арасында.
Пассивті - емдеу мекемелеріне ауырып қаралған науқастардың ішінен анықталады, әдістері – туберкулиндікдиагностика, рентгенологиялық тексеру және бактериоскопия.
Достарыңызбен бөлісу: |