Туберкулезді емдеудің жаңа әдісі.Directly Observed Treatment Short-course деген ағылшын сөздерінің алғашқы әріптерінен құрастырылған аббервиатура қазақ тіліне аударғанда: D-тікелей O-бақылау,қадағалау T-ем S-курсы(қысқа мерзімді) дегенді білдіреді. DOTS стратегиясы
Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды бір қалыпқа келтіру мақсатында DOTS стартегиясы 1998 жылы Президенттің жарлығымен және Үкіметтің қаулысымен енгізіліп, 2001 жылы еліміз жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады.
DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі химиотерапиялық емдеу болып табылады,ол үш қағидаға негізделген DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі химиотерапиялық емдеу болып табылады,ол үш қағидаға негізделген - Химиотерапия қадағалауда болуы керек.
- Науқастардың категориясына сәйкес,емдік дәрілердің жиынтық санын және олардың дозасын толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау
- Ем схемасының ұзақтылығын сақтау
ДОТС жоспарымен емдеу
. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады.
Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.
Қолданылған әдебиеттер - Тәбріз_Н.Туберкулезді_анықтау,_алдын-алу_және_емдеуӘміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.- 551 б.
- Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
- "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Достарыңызбен бөлісу: |