ТУБЕРКУЛЕЗДІ АЛДЫН АЛУ
Туберкулезді алдын-алу негізгі үш түрі бар.
Туберкулезді спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы арқылы жүзеге асады.
БЦЖ вакцинасы - қалдықты вируленттілігі бар, бірақ өзінің иммуногенді қасиетін сақтаған тірі микобактериялар болып табылады.
ТУБЕРКУЛЕЗДІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ
Бірінші рет вакцинация жаңа туған дені сау нәрестелерге және шала туған нәрестелерге салмағы 1,5 кг болғанда өмірінің алғашқы 4 күндері жасалынады.
Ревакцинасияны АМСКдiң мамандары ТҚМ фтизиопедиатрларымен қосылып жүргiзедi, ұйымдастырылған мектептермен бiрге республика көлемiнде оқыйтын 6 жастағы (1-сынып) балаларға оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) жүргiзiледi. Бұл кезде басқа егулер түрiн жүргiзуге болмайды.
Туберкулезді санитарлық алдын алу - туберкулез инфекциясының ошағындағы туберкулезге қарсы эпидемиялық алдыналу шаралары.
Туберкулез инфекциясының ошағы деп – бактерия бөлушінің тұратын жері (жекеменшік үйі, пәтері, жатақханадағы бөлмесі), оқу, жұмыс істеу, демалу орындарын санау керек
Достарыңызбен бөлісу: |