ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет105/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
 
 
Базарбай Г.Қ., Мақсатқызы А. 
- 4 курс студенттері, «Фармацевттік өндірістің технологиясы» 
мамандығы бойынша,  
daria.bazarbai.kz@gmail.com
.,
maksatkyzy.a01@gmail.com
 
Бахтиярова Б.А. – 
мед.ғ.магистрі, аға оқытушы
 
Торланова Б.О.- 
фарм.ғ.к., профессор м.а. 
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, 
 
ҚАРАҚҰМЫҚ ҚАБЫҒЫНАНФЛАВАНОИДТАРДЫ БӨЛІП АЛУДА ТИІМДІ РАЦИОНАЛДЫ 
ЭКСТРАГЕНТТІ ТАҢДАЙ ОТЫРЫП ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚҰРАСТЫРУ 
 
Тақырыптың өзектілігі:
Соңғы жылдары адамға қажетті материалдарды алу үшін перспективті 
шикізат ретінде ірі тонналық жаңартылатын ауыл шаруашылығы қалдықтарына қызығушылық күрт өсті. 
Мұндай шикізат, әдетте, биологиялық белсенді заттардан тұрады, оларды өндіріс қалдықтарынан оқшаулау 
процесі көп жағдайда химиялық синтезге қарағанда үнемді. Мақалада қарақұмық өндірісінің қалдықтары – 
қабығын пайдаланудың перспективалы жолдары қарастырылған. Егістік қарақұмық (Fagopyrum esculentum) 
– өсірудің халық шаруашылығында үлкен маңызы бар кең көлемде өсірілетін бағалы дәнді дақыл. 
Қарақұмық тек Беларусь Республикасында ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасында да ең 
танымал азық-түлік дақылдарының бірі болып табылады[1]. 
Қарақұмық өндірісінің қалдықтары арасында ең үлкен қызығушылық оның қабығы болып табылады, 
оның өнім (жарма) өндірісіндегі көлемі астық массасының шамамен 20% құрайды. Демек, өсімдік 
шикізатының орасан зор мөлшері жыл сайын жаңартылып отырады [2]. 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
66 
Қарақұмық қалдықтары полисахаридтерді, целлюлозаны, бояғыштарды, тағамдық қоспаларды
фурфуралды және фармацевтикалық препараттарды алу үшін қолданылады. Қарақұмық қабығы - 
органикалық, биологиялық бейтарап, жақсы желдетілетін материал, ол топырақта ылғалды жақсы сақтайды, 
суық климатта топырақтың қызуын тездетеді және ыстық климатта қызып кетуден сақтайды [3]. 
Қарақұмық қабығы аралық өңдеуге кететін еңбек шығынын азайтады және өсімдіктердің өсу 
жағдайлары мен топырақ құнарлылығына оң әсер етеді: топырақ бетіндегі ылғалдың булануын әлсіретеді,
температура ауытқуының амплитудасын азайтады, оның алдын алады, топырақ қыртысының қалыптасуы, 
арамшөптердің өнуін тежейді [4]. 
Қарақұмық қабығы топырақтың борпылдақ беткі қабатының тұрақты жасанды аналогын жасайды 
және минералды элементтер мен органикалық қосылыстарды енгізу арқылы қосымша артықшылықтар 
береді [5]. 
Қарақұмық қабығы өсімдіктердің жер үсті бөлігіне артық ылғалдың түсуіне байланысты дамуы 
мүмкін көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Гүлденген қарақұмық өскіндерінде негізгі компонент ретінде 3-5% дейін рутин, сонымен қатар басқа 
ілеспе флавоноидтар, атап айтқанда, кверцетин және изокерцитрин болады.
Қарақұмық қабығы флавоноидтарды, целлюлозаны, қоңыр пигментті және полисахаридтерді алу 
тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады. Ван Ин т.б [2010] еңбектерінде Ю.Л. Жеребина және басқалары 
қоңыр қарақұмық пигментін бөліп алу және тазарту үшін бастапқы материал ретінде қарақұмық қабығын 
пайдалануды сипаттайды, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілген болатын. 
Нәтижелер қарақұмық қоңыр пигменті жарыққа, ыстыққа, металл иондарына төзімді және табиғи 
бояғыштардың әлеуетті көзі болып табылатынын көрсетті [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет