ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2


Нанотехнологияның медициналық тәжірибеде қолданылуы



Pdf көрінісі
бет123/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

Нанотехнологияның медициналық тәжірибеде қолданылуы: 
Медициналық- инновациялық 
технологиялар- адам өмірін ұзарту мен сақтап қалыптудың негізгі кепілі. Олар аурулардың алдын- алу мен 
диагностикалаудың жаңа әдістерін, сондай- ақ ауруларды бақылау мен емдеудің жаңа препараттары мен 
тәсілдерін ұсынады. Нанотехнологияны медицинада қолданудың 5 негізгі бағыты бар: белсенді дәрілік 
заттарды жеткізу, нанометр деңгейінде емдеудің жаңа әдістері мен құралдары, in vivo диагностикасы, in 
vitro диагностикасы, медициналық импланттар. Наномедицина саласында белсенді жұмыс істейтін 
фармацевтикалық өндіруші компаниялардың 50%-дан астамы белсенді дәрілік заттар жүйелерін әзірлеу 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
79 
нанотехнологияны нысана-ағзалар мен тіндерге жеткізу үшін пайдаланады. Мұндай жүйелерді қолданудың 
жетекші бағыттарының бірі – онкология.
Нанороботтар – дәрінің биожетімділігін арттырушылар. Наноробот – заттарды дәл және атомдық 
деңгейде құрастырып, басқара алатын машина. Ағзаға атом және молекулалық деңгейде әсер етеді. Жоғары 
дәлдікпен микрохирургиялық операцияларды орындайды, қан ұйығыштарын алып тастайды, жараларды 
тігеді. Олар жасушалық және молекулалық деңгейде ауруларды тез және арзан диагностикалайды және дәрі- 
дәрмектерді ағзамыздың қол жетімді емес аймақтарына тиімді түрде жеткізеді. Нанороботтар – адам 
ағзасында жасушаны қалпына келтіре алады, осылайша адамдарды қатерлі ісіктен айығуы немесе протездің 
орнына жаңа аяқтың өсуі мүмкін болады. Олар оны қоршаған молекуладан және тағы басқа заттардан жинау 
арқылы қалпына келтіреді. Ең ықтимал қолданылуларға жатады: 1) Атеросклерозды емдеу, ал бұл 
артериялардың қабырғаларында бляшка пайда болаған жағады білдіреді. Нанороботтар бляшкаларды кесіп 
тастау арқылы көмектеседі; 2) Тромбтарды бұзу. Қан ұйытқыштар бұлшықеттің өлуінен бастап инсультке 
дейін әртүрлі асқынуларды тудыруы мүмкін. Нанороботтар осы тромбтарға барып, олардың құрлымын бұза 
алады. 3) Бүйрек тастарын бұзу.
Қорытындылай келе, нанотехнология біздің ауруларға қарсы соғысымызда одақтас рөл атқара 
алатындығы және оны жаңа деңгейге көтере алатындығы жайлы нақты зерттеулер жүргізілуде. 
Нанобөлшектерді өте қарапайым әдістермен алуға болады, олардың көпшілігі мүлдем қауіпсіз және біз қазір 
қолданатын дәрі-дәрмектерге қарағанда белгілі бір аурулармен күресуде әлдеқайда тиімді. Мақаланың негізі 
нанотехнологияның түп атасы Эрик Дрекслердің сөзіне негізделген: «Нанотехнология медицинаға іргелі 
серпіліс әкеледі». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет