Материалдар мен әдістер: Әзірленіп жатқан препараттың тиімділік дәрежесін бағалау үшін
лимфоцитт
ер жасушаларының аралас культурасына негізделген in vitro жүйелері, сондай-ақ DA, Dark Agouti
зертханалық инбредті егеуқұйрықтарды қолдануға негізделген шашыранды склероздың жануарлар моделі қолданылды.
Бұл модель жануарларды сингеналық хорда препараттарымен иммундау нәтижесінде тәжірибелік аутоиммунды
(аллергиялық) энцефаломиелит белгілерін алуға мүмкіндік береді. Тәжірибелік аутоиммунды энцефаломиелиті бар
жануарлардан оқшауланған лимфоциттер дәрілік заттардың тәжірибелік үлгілерінің
әсерін зерттеу үшін жасуша
культурасында қолданылды. Лимфоциттер пептидтердің әртүрлі концентрациясымен инкубацияланды және
жасушалардың өміршеңдігі MTT және AlamarBlue көмегімен стандартты сынақтар арқылы бағаланды.
Нәтижелерін талдау: Адамның IgG VH иммуноглобулинінің ауыр тізбегінің N-соңғы доменінің
пептидімен жоғары гомологиясы бар октапептид (8-аминқышқыл қалдықтары) түріндегі синтетикалық
аналогы кавеолин-3 типті ақуыздың аминқышқылдарының тізбегінің С-соңғы аймағында биоинформа-
циялық тәсілдерді қолдану нәтижесінде табылды және алынды. PN6 синтетикалық аналогы биологиялық
белсен-ділікке ие және хорда препаратымен иммунизацияланған DA желісінің аутбредті егеуқұйрықта-
рының лимфа түйіндерінен алынған аралас культурада белсендірілген лимфоциттердің көбеюін тежеуге
қабілетті. Бұл тәсіл адамның шашыранды склерозының (тәжірибелік аутоиммунды энцефаломиелит)
жануарлар моделіне толығымен сәйкес келеді. Биологиялық белсенді октапептидтің жаңа құрылымын
пептидті немесе аралас негізде аутоиммунды ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттың ықтимал
компоненті ретінде қарастыруға болады.
Қорытындылар 1. PN6 синтетикалық октапептиді аралас культурада белсендірілген лимфоциттердің көбеюін дозаға
тәуелсіз тежеуге қабілетті.
2. PN6 пептиді аутоиммунды ауруларды, оның ішінде шашыранды склерозды емдеу үшін пептидтік
сипаттағы жаңа дәрілік заттарды әзірлеу кезінде компонент ретінде қарастырылуы мүмкін.