ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет3/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

Зерттеу мақсаты. «
Шымкент жүрек орталығында» созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға 
«SF-36 өмір сүру сапасын бағалау сауалнамасын» жүргізу.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Зерттеу Шымкент жүрек орталығында стационарлық ем алған 
30 науқасқа жүргізілді. Науқастардың жасы, жынысы, әлеуметтік-этникалық, клиникалық көрсеткіштері 
есепке алынды. Зерттеуге өмір сүру сапасына әсер ететін, ауыр аурулары қатар жүретін науқастар (бронх 
демікпесі, созылмалы цереброваскулярлық аурулар, онкологиялық аурулар) енгізілмеді. Зерттеуге 
қатысқандар 45-65 жас аралығындағы науқастардың ортақ жасы 56,6± 15,2, олардың 57% әйелдер, 43% ер 
адамдар болды. Науқастардың тамақтануы және диетасы, су режимі, дене белсенділігі және емдік дене 
шынықтыруы, дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдауы, өзін-өзі бағалау мәселелері қарастырылды. Зерттеудегі 
науқастар кеңес берген жоғары білімді мейіргерлердің тұрақты бақылауында және психологиялық 
қолдауында болды.
Науқастарға «SF-36 өмір сүру сапасын бағалау сауалнамасы» жүргізілді. Сауалнама үш деңгейлік 36 
сұрақтан (2-10 сұрақтан тұратын 8 шкала) тұрды. Сауалнамамен қоса науқастың шағымдарының 
динамикасы (ентігу, аяқтың әлсіздігі, жүрек соғысы, жүректің ауыруы), объективті деректер (қан қысымы, 
импульс) талданды. Сауалнама деректерін нақты шығару үшін халықаралық стандартарға сәйкес градация 
шкаласы қолданылды, шкала бойынша сауалнама нәтижесі 0-ден 100 дейінгі баллдық жүйе арқылы 
шығарылды. 
Нәтижелері. 
Қолданылған шкалалар бойынша бастапқы және сауалнамадан кейінгі деректер: жалпы 
денсаулық жағдайы-(GH): 28,2±8,5 және 82,1±10,7; физикалық функционалдық-(PF): 20,4±6,2 және 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 

85,2±21,6; рөлдік функционалдық-(RP): 7,6±2,1 және 75,3±19,7; ауырсыну шкаласы-(BP): 49,8±2,2 және 
80,4±14,7; өміршеңдік шкаласы-(VT):38,7±12,6 және 70±13,1; әлеуметтік қызмет ету шкаласы-(SF): 29,3±4,3 
және 80,1±11,9; эмоционалды жағдайға негізделген рөлдік функционалдық-(RE): 27,6±9,7 және 79,8±20,2; 
психологиялық денсаулық-(MN): 32,7±18,8 және 72,2±8,2. 
Біз алған мәліметтер мен қортындылар бойынша науқастардың жай-күйін бақылау және 
мейіргерлердің үнемі қадағалауымен және қолдауымен өмір сүру сапасын жақсартуға болатындығын 
көрсетеді. Емдеу және оңалту бағдарламаларына дәлелді қатысу үшін науқас өзінің ауруы туралы белгілі бір 
білімге ие болуы керек, оған оны оқыту әдістері арқылы қол жеткізеді. Науқасты емдеу және оңалту 
принциптерін, оның ішінде дәрі-дәрмексіз емдеу әдістерін саналы түрде қолдау үшін науқасты оқыту және 
одан әрі бақылау қажеттілігі, созылмалы аурулары бар науқастар жағдайын жақсартқан кезде емдеуді жиі 
тоқтататындығына және дәрігердің ұсыныстарын орындамайтындығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет