ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2
66
Қарақұмық қалдықтары полисахаридтерді, целлюлозаны, бояғыштарды,
тағамдық қоспаларды,
фурфуралды және фармацевтикалық препараттарды алу үшін қолданылады. Қарақұмық қабығы -
органикалық, биологиялық бейтарап, жақсы желдетілетін материал, ол топырақта ылғалды жақсы сақтайды,
суық климатта топырақтың қызуын тездетеді және ыстық климатта қызып кетуден сақтайды [3].
Қарақұмық қабығы аралық өңдеуге кететін еңбек шығынын азайтады және өсімдіктердің өсу
жағдайлары мен топырақ құнарлылығына оң әсер етеді: топырақ бетіндегі ылғалдың булануын әлсіретеді,
температура ауытқуының
амплитудасын азайтады, оның алдын алады, топырақ қыртысының қалыптасуы,
арамшөптердің өнуін тежейді [4].
Қарақұмық қабығы топырақтың борпылдақ беткі қабатының тұрақты
жасанды аналогын жасайды
және минералды элементтер мен органикалық қосылыстарды енгізу арқылы қосымша артықшылықтар
береді [5].
Қарақұмық қабығы өсімдіктердің жер үсті бөлігіне артық ылғалдың түсуіне байланысты дамуы
мүмкін көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Гүлденген қарақұмық өскіндерінде негізгі компонент ретінде 3-5% дейін рутин, сонымен қатар басқа
ілеспе флавоноидтар, атап айтқанда, кверцетин және изокерцитрин болады.
Қарақұмық
қабығы флавоноидтарды, целлюлозаны, қоңыр пигментті және полисахаридтерді алу
тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады. Ван Ин т.б [2010] еңбектерінде Ю.Л. Жеребина және басқалары
қоңыр қарақұмық пигментін бөліп алу және тазарту үшін бастапқы материал
ретінде қарақұмық қабығын
пайдалануды сипаттайды, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілген болатын.
Нәтижелер қарақұмық қоңыр пигменті жарыққа, ыстыққа, металл иондарына
төзімді және табиғи
бояғыштардың әлеуетті көзі болып табылатынын көрсетті [6].
Достарыңызбен бөлісу: