Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



бет2/3
Дата19.06.2023
өлшемі33,78 Kb.
#102366
1   2   3
Параметрит. Бұл асқынудың белгілері босанғаннан кейін 10-12-күндері байқалады. Дене түршігіп, қызуы 39-40° жетіп, іштің төменгі жағы тартып ауырады және қан құрамы өзгереді. Қынаптық зерттеуде: жамбас пен жатыр қабырғасы арасында қозғалмайтын, қабыну ісігі анықталады, жатыр бөлек анықталмайды. Бұл қабыну ісігі үш-төрт апта ішінде қайта сорылуы немесе іріңдеуі мүмкін; іріндеген ісікті қынап арқылы дер кезінде жарып, ірінді сыртқа шығарады. Егер ірінді ісікті жармаса, ол әрі қарай бүйрек, қуық, тік ішекке дейін жайылып. өзі жарылады (бұл әйел өмірі үшін қауіпті асқыну).
Жатырдың қосалқы бөліктерінің қабынуы. Бұл қабыну көбінесе сөз ауруларының әсерінен болады.
Ауру белгілері: босанғаннан кейін 7-10- күндері байқалады, әйелдің жалпы жағдайы нашарлап, денесі түршігіп, қызуы 39-40°-қа көтеріледі. Іштің төменгі жағы қатты ауырып, іш перденің тітіркену белгісі пайда болады.
Қынаптық зерттеуде: жатыр қосалқы бөліктерінде ауырмалы шекарасыз қабыну ісігі анықталады, жатыр ісініп, үлкейіп, ісікке қарама-қарсы жаққа ығысады.
Емдеу жолдары: жан-жақты, жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді кеңінен қолданады, Ал қабыну ісігі іріңцеген жағдайда емі - хирургиялық.
Пельвиоперитонит. Аурудың белгілері босанғаннан кейін 3-4-күндері байқалып жедел басталады, дене қызуы 39-40°-қа көтеріледі, іштің төменгі жағы қатты ауырып, әйелдің жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Ішпердесінің тітіркену белгісі пайда болады.
Қынаптықзерттеуде:жатыр ісініп үлкейеді, ауырмалы. Кабыну ісігі қайта сорылуы мүмкін немесе іріңді қуысқа айналады.
Емі: жан-жақты - антибактериялық, инфузиялық және десенсибилизиалық емдерді кеңінен қолданады; іріңдеген қуысты қынаптың артқы күмбезін тесіп ағызады (кольпотомия).
Босанғаннан кейінгі тромбофлебит - жатыр мен жамбас қуысындағы қан тамырларының қабынуы
Бұл асқыну көбінесе жатырдың қабынуынан кейін пайда болады (7-8-күндері). Дене қызуы 38-39°-қа көтеріліп, тамыр соғысы дене қызуына сәйкес келмейді.
Қынаптық зерттеуде: жатыр ісініп үлкейеді, ауырмалы, жатырдан қан ағады. Жатыр қабырғасында жуандалған көк тамыр жолақтары анықталады. Бұл асқынуда - тромб үзіліп, өкпе артериясының эмболиясына душар етуі мүмкін.
Емдеу жолдары: инфекцияға қарсы дәрілерді - антибиотиктерді және гепарин, дикумаринді қолданады. Төсек тәртібін қатаң сақтау қажет.
22.4. Үшінші сатысы
Перитонит - босанғаннан кейінгі ішпердесінің қабынуы екінші, үшінші, сегізінші күндері байқалады. Ішперде қуысында іріңді және іріңсіз сүйықтық пайда болады; дене ыстығы көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді, іштің төменгі жағы ауырып, жүрек айну, қүсу пайда болады. Үлкен дәрет іште қатаяды, іш қатты кеуіп, іш перденің тітіркену белгілері анықталады. Бірақ ауру белгілері көбінесе жасырын түрде өтеді.
Соңғы жылдары кесар тілігінен кейінгі ішпердесінің қабынуы өте жиі кездеседі (босанған әйелдер арасында 0,47-0,6% аралығында).
Негізгі седептері:
1. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі (12 сағаттан асуы);
2. Операция алдындағы қынаптық зерттеудің көптігі;
3. Босану әрекеттерінің ұзаққа созылуы;
4. Жатыр тігісінің ажырауы.
Перитониттің дамуы үш фазадан тұрады.
Бірінші фазасы: бұл фазада іш қуысында сарысу жиналып, оған қанның ақ түйіршіктері мен фибрин қосылып қоюланып, іріңді-қанды сарысуға айналады. Сарысу қайтадан ішекке сіңбегендіктен, қанайналымы төмендеп, гиповолемия айқындалады, қанда натрий мен калийдің мөлшері азайып, ішектің қимылы әлсірейді.
Екінші фаза - улану. Бұл фазада қанайналымы бұзылып, қан іш қуысының көк тамырында бөгеледі; организмнің қорғаныштық, бейімділігі, бүйректің, бауырдың қызметі төмендейді, зат алмасу жүйелері бұзылып, ішектің қимылы тоқталып, әйелде жиі құсық пайда болады; уланудың артуымен қатар, мүшелердің қанайналымы бұзылып, бүйрек, бауырда дистрофиялық өзгерістер пайда болады, сөйтіп ұлпалық гипоксия өседі.
Үшінші фаза - терминалдық. Бұл фазада қан қысымы, жүректің соғуы төмендеп, бүкіл организмнің улануынан әйел сандырақтап, есінен танады, септикалық шок дамиды.
Кесар тілігінен кейінгі перитонипің каршикалық белгілері бірден анық болмайды, операциядан кейін бірінші, екінші күндері мардымсыз болады. Әйелдің жалпы күй-жағдайы нашарлап, тілі құрғап, ішек қимылы әлсірейді. Ішті шертіп көргенде шерту дыбысы әлсізденеді, ішек қимылы өте төмен немесе жоқтың қасы. Іш пердесінің тітіркену (Щеткин-Блюмберг) белгілері анықталмайды.
Кесар тілігінен кейінгі жатырдың жиырылу қасиеті өте төмен, ауырмалы, жыныс жолдарынан қан және ірің аралас сасық сұйықтық ағады.
Қан құрамы өзгереді: гемоглобин төмендейді, қанның ақ түйіршіктері, СОЭ жоғарлайды, нейтрофиль формуласы солға жылжиды. Организмнің улану салдарынан зәрде белок пайда болып, бүйректің қызметі төмендейді.
Кесар тілігінен кейінгі іш пердесінің қабынуының негізгі ерекшеліктері:
1. Асқынудың клиникалық белгілері бірден анық түрде өтпейді; дене ыстығы көтерілмейді, іш перденің тітіркену белгілері анықталмайды.
2. Қорғаныш сатысынан, улану сатысына жедел көшеді.
3. Дәрігерлік көмектен кейін, ауру белгілері тез қайталанады.
Аталған ерекшеліктерге байланысты, егер кесар тілігінен кейін, 1-2-күндері улану белгілері пайда болса, бірден емді бастайды. Іш пердесінің қабынуын тек операциялық жолмен емдейді - жатырды түтікшелерімен және жатыр мойнын түгел алып тастайды (жатыр экстирпациясы). Бұл операцияда қынаптың шетін бөлек тігіп, оны ашық қалдырады, қосымша түтікшелер қойылады. Операциядан кейін бүкіл организмнің жүйке - мүшелер қызметін қалпына келтіретін жан-жақты емдер қолданылады: диализ (іш қуысын дәрі-дәрмекпен шаю); қан және қанның әр түрлі құрамдары - мұздатылған плазма, эрмасса, глюкоза, гемодез, реополиглюкин, белок сүйықтықтары, десенсибилизаторлар - димедрол, супрастин, пипольфен және қанның реологаялық қасиетіне әсер ететін
- трасилол, контрикал, гепарин; ішек қимылын дұрыстайтын
- прозерин, церукал, гипертониялық клизма; жүректің, өкпенің, бауырдың қызметін жақсартатын (гликозидтерт.б.).
Тоулікте венаға қүятын инфузионды ерітіндінің мөлшері үш литрден кем болмауы керек; сонымен қатар, венаға құйылған ерітіндіпің мөлшері, тәуліктік зор мөлшерімен сәйкестендіріліп отырады.
Септикалық шок


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет