Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



бет3/3
Дата19.06.2023
өлшемі33,78 Kb.
#102366
1   2   3
Септикалық шок - микробтардың ыдырап, оның уытының бүкіл организмге, қанға тарауынан кенеттен пайда болатын патологиялық құбылыс. Осының салдарынан қан тамырларының қызметі төмендеп, қанның ұюы артып, ұлпалар мен мүшелерде өттегі жетіспей, олардың қызметі бұзылады; жедел гемодинамикалықбүзылу байқалады. Сонымен қатар, қан құрамы өзгереді, қан қысымы төмендейді, зор азаяды, мидың, бауырдың, өкпенің, бүйректің тамырларында қан ұйып, олардың негізгі қызметтері томендеп нашарлайды. Негізгі мүшелерде морфологиялық және функционалдық өзгерістер байқалып, "шоктық өкпе", "шоктық бүйрек" анықталады.
"Шоктықөкпенің" дамуы микроциркуляцияның, ал "шоктық бүйрек" оның қанайналымының бұзылуына байланысты.
Асқазан-ішекте микроциркуляцияның бұзылуы асқазан-ішек ойық-жарасына душар етеді.
Бұл құбылыстар көбінесе жүктілік, босану кезендерінің асқынуында, перитонитте, сепсисте жиі кездеседі.
Септикалық шоктың екі сатысы бар:
1. Ерте сатысы - 6-8 сағат аралығы.
2. Кеш сатысы - бірнеше күннен бір жұмаға дейін.
Егер шоктың клиникалық белгілері кенеттен пайда болса
- алғашқыда дене қалтырап, қызуы 39-40°-қа дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді. Екінші тәулікте дене қызуы төмен-дейді. Сырқат әйелдің тыныс алуы жиіленеді, суық тер шығып, өңі бозарып сұрланып, жалпы жағдайы нашарлайды. Қан құрамында - қанның ақ түйіршіктері көбейіп, СОЭ жоғарылайды, тромбоциттер азаяды.
Егер науқас әйел, септикалық шоктан шығарылмаса, қанайналымы қалыптастырылмаса, бүйректің қан тамырлары түйіліп, тоуліктік зор көлемі бұзылады.
Кеш сатыпың клиникалық белгілері: қан қысымының төмендеуі ұлғаяды, әйелдің тыныс алуы жиіленіп, ентігу пайда болады, бет әлпеті шамалы когеріп, аяқ-қолдары мұздай бастайды; әйел әлсін-әлсін есінен танады. Әрбір тілген және дәрі еккен жерлердің бәрінен қан аға бастайды, қан ұйымайды. Тоуліктік зор азайып, бірден болмай қалуы мүмкін.
Септикалық шоктың ерекшеліктері:
1. Шоктың кенеттен пайда болуы;
2. Асқынудың ағысы - микробтың түріне, қабілетіне, күшіне байланысты;
3. Тәуліктік зәрдің азаюы немесе тоқтап қалуы.
Септикалық шоктың диагнозын анықтап, дұрыс ем жүргізу үшін төмендегі зерттеулерді қолданады:
1. Артериялық және орталық венозды кысымды әрбір 30 минут сайын және тыныс алу жиілігін бақылайды.
2. Тәулігіне 4 рет тік-ішек температурасын өлшейді (дене температурасымен салыстыру үшін)
3. Жалпы қан құрамын және тромбоциттердің санын зерттейді.
4. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын және қанда бактериологиялық зерггеу жүргізеді.
5. Сағат сайын зор мөлшерін және зәрде бактериологиялық зерттеу жүргізеді.
6. Қан сарысуында электролиттің, мочевинаның, креатиннің мөлшерін анықтайды.
7. Мониторлы бақылау (ЭКГ, жүрек соғуының жиілігін) жүргізеді
8. Кеуде және іш перде қуысына рентгенологиялық зерттеу жүргізеді.
9. Қан ұю көрсеткіштерін анықтайды (тромбоциттің, фибриногеннің т.б. санын).
Емдері: септикалық шоктың негізгі емі - жүйке, мүшелердің қызметін жақсартуға, инфекцияға қарсы, инфекция ошақтарын жоюға бағытталған.
1. Септикалық ошақты ерте, тұтас жою.
2. Комплексті антибактериялық терапияны қолдану (цефалоспориндерді: цефотоксин, цефуроксин, цефпирон т.б.); антиаиаэробты антибиотиктер (метронидазол, дифлюкан).
3. Қан айналымындағы қан мөлшерін бір қалыпты ұстау үшін - глюкоза ерітіндісін, реополиглюсин, реоглюкин, аминазол, альбумин және құрғақ плазманы қолданады.
4. Тыныс алу жетіспеушілігін - оттегі терапиясы арқылы коррекциялан, қажет жағдайда трахеостомия ИВЛ жасайды.
5. Иммунотерапия (иммуноглобулин).
6. Су-электролит алмасуының бұзылуын коррекциялау.
7. Антиагреганттар (курантил, компламин) және антикоагулянтгар - гепарин (20000-60000 ЕД тәулігіне, немесе 1000 ЕД сағатына венаға тамшылатып, немесе 5000-10000 ЕД-ны тері астына әрбір 6 сағат сайын енгізеді (қан үю көрсеткіштеріне байланысты).
8. Әйелдің ауыр жағдайын ескере отырып, септикалық шокта зонд арқылы қоректену режимін енгізеді.
9. Септикалық шокта - плазмаферез, гемофильтрация, гемо - немесе плазмосорбция жасайды.
22.5. Төртінші сатысы
Сепсис - патологиялық қалып, микроорганизмдердің ыдырауы салдарынан, оның уыты (токсиндері) септикалық тартып (3-5-күн аралығында), ірің пайда болады, емшек қол тигізбей қатты ауырады.
Іріңдеу түрінің белгілері: дене ыстығы 38-390-қа көтеріледі, қатты тітіркенеді. Әйелдің жалпы күй-жағдайы нашарлап, тілі кеуіп, тамыр соғуы жиілейді, қан құрамы қатты өзгереді. Босанғаннан кейінгі маститтің ерекпіелігі: қабынудың кеш дамуы, әйел үйге шыққанда (2-3-жұма аралығында).
Емдеу жолдары - инфекцияға, организмнің улануына қарсы дәрі-дәрмектер және жергілікті (УВЧ) емдерін кеңінен қолданады.Емшек бездері қабынуының емін алғашқы сатыларында ерте бастаған жөн, науқас төсектік тертіпті қатты сақтауы қажет.
Негізгі емі - антистафилококтық антибиотиктер:
оксациллин (1г х 4 рет);
метициллин (1 г х 4 рет);
ампициллин (0,75 г х 4 рет) тәулігіне бұлшық етке (7-10 күн);
линкомицин (0,5 г х 3 рет) тәулігіне (8-10 күн);
фузидин (0,5 г х 3 рет) тәулігіне (6-8 күн).
Іріңді маститті тілгеннен кейін, гентамицин 0,08гх3 рет тәулігіне (6-8 күн).
Ауыр іріңді-флегмонозды түрінде цепорин 0,5-1 г х 4 рет (7-10 күн) венаға енгізеді. Антибиотиктермен қатар, нистатин (500000 ЕД х 6 рет) тәулігіне, және сульфа-ниламидтер: сульфадиметоксин 2г (7-10 күн), бисептол 2 т х 2 рет (10-14 күн).
Организмнің иммунологиялық қорғау күшін жоғарылату үшін: антистафилакокктық гамма-глобулинді (5 млх3-5 рет, күнара бұлшық етке енгізеді); антистафилоккалық плазма (100-200 мл); стафилакоктық анатоксин (1 млх3 рет тері астына); плазма және қан құяды.
Инфузиялық терапия: глюкоза, гемодез, реополиглюкин, альбумин, гидролизин т.б.
Аллергияға қарсы: антигистаминдік препараттар - супрастин, димедрол, пипольфен.
Витаминдер "С" және "В" топтары.
Ауырсыздандыру препараттары - ацетилсалицилатты қышқылы (аспирин), реопирин, баралгин т.б. Маститтің сыздау түрінде және тілгеннен кейін УВЧ және УФ - сәулелерін кеңінен қолданады. Кейде түрлі (майлы) компрестерді пайдаланады (алғашқы сатысында).
Іріңдеу түрінде ем тек хирургиялық (іріңді тілу); хирургияда жасалады. Сәбиді сыздау түрінде ғана емізуге болады, басқа түрлерінде емшектен шығару қажет.

22.7. Акушерия патологиясының алдын алудағы негізгі принциптер


Ана мен бала денсаулығын қорғаудың алдын алу көптеген жетістіктерге жетті.
Алдын алу шараларының жекеленген, қоғамдық және біріншілік, екіншілік жолдары бар.
Жекелеген аддын алу шарасы - жүкті, босанып жатқан, босанғаннан кейінгі әйелдің жеке гигиенасына, тамақтануьгаа бағытталған.
Қоғамдық шаралар халықтың денсаулығын сақтауға негізделген (еңбек, тұрмыс жағдайын жақсарту).
Біріншілік шаралар - әлеуметтік, медициналық, гигиеналық және тәрбиелік бағытқа негізделген.
Екіншілік шаралар - ауруды ерте анықтауға, оның дамуының және асқынуының алдын алуға негізделген.
Акушерия патологиясының алдын алудағы негізгі принциптердің бірі жүкті және босанған әйелдерді диспансерлеу. Жүкті әйелдерді диспансерлеуде жүктіліктің асқынуын ерте анықтап, оны өз мезгілінде емдеу.
Акушерия патологиясының дамуына әсер ететін факторлар:
1. Жүктілік кезеңіндегі түрлі жұқпалы аурулар.
2. Қыз баланың собилік кезіндегі инфекциялык аурулары. оның патологиялық дене салмағы, босанудағы жарақаттануы және етеккірінің дұрыс қалыптаспауы.
3. Көп түсік тастаған, мезғілінен бұрын босанған және бедеулігі болған әйелдер тобы.
4. Қыз бала жыныс мүшелерінің дұрыс өсіп-жетілмеуі.
5. Жүктіліктен тыс экстрагениталды аурулары бар және жүктіліктері асқынған әйелдер тобы.
6. Көп босанған, жасы 18-ден төмен, 30-дан асқан; жыныс мүшелеріне операция жасалған әйелдер тобы
7. Ішімдік, шылым және наркотиктерді қолданатын әйелдер топтары.
Осы аталған факторларды өз мезгілінде анықтап, ана денсаулығын жүктілікке дейін жақсартудың маңызы зор. Өйткені болашақ сәбидің денсаулығы ең алдымен ана мен ежесінің денсаулығына байланысты. Сонымен, ана денсаулығы - болашақ бала денсаулығы.

4. Иллюстрация материалдар: кестелер, слайдтар


5. Әдебиет
Негізгі
Мемлекеттік тілде:
1. БисембаеваР.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия». – Алматы 2004
2. А.Т. Раисова., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». –Алматы 2002
Орыс тілінде:
1. Акушерство: учебник + CD. Раздинский В.Е.- М., 2008-904с.
2. «Гинекология. практикум» В.Б. Цхай., Т.А. Макаренко, Е.К.Шаламова, И.О.Ульянова. –
Ростов - на – Дону 2006.
3. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. Дзигуа М.В.-М., 2011.-528с.
4. «Акушерство и гинекология. Практикум» под редакцией Т.Е. Белокриницкой. Ростов-на-Дону. 2007.
Қосымша
1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. М 2009-256с
2. Гинекология. Л.Н.Василевская, В.М.Грищенко, В.П. Юровская, Н.А. Щербина. Ростов-на-Дону, «Феникс»-2007.
3. Перинатальное акушерство. В.Б.Цхай – Ростов-на – Дону, «Феникс», 2007.
4. Программа ВОЗ «Безопасное материнство» 2008.

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)



Септикалық аурулардың жіктелуі
Емдеу принциптері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет