1.Тақырып №11: Тыныс алудың реттелуі
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы:
Қан құрамындағы тұрақтылығы ең қатаң костанталардың бірі болып есетелінеді, ол гемостатикалық қызмет жүйесімен бақыланады. Зат алмасуы (метаболизм) үшін оттегі (О) мен көмір қышқыл газының оптимальды құрамы пайдалы нәтижелер болып есептеледі. Орталық жүйке жүйесініңғ шеткі бөлімдері арқылы гуморальдық механизмдермен іске асырадлы.
Дидактикалық мақсаты:
Тынысалудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Демді ішке алу, шығару, тынысалу еттерінің жиырылуы арқылы іске асырылатыны белгілі. Тынысалу еттерін жиырылтатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді: диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның ІІІ- ІV мойын сегментінің алдыңғы ашасында, ал қабырғалық еттердің жүйке жасушалары жұлынның көкірек сегментерінде орналасқан. Егер жұлын мен мидың түйіскен жерін кесіп тастаса, тынысалу тоқтайды. Ал жұлынның сопақша мимен байланысын бұзбай, оны мойын бөлімі мен көкірек бөлімінің түйіскен жерінен көлденең кессе, диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тынысалу тоқтамайды, бірақ қабырғааралық еттер тынысалу үрдісіне қатыспайды. Демек, бұл тәжірибелер тыныфсалу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді. Адам өз еркімен тынысын жиілете және терңдеп алады, тіпті біразға дейін тоқтата да алады. Бұл да тынысалу үрдісін реттеуге ми, әсіресе ми қыртысының қатысатынын көрсетеді. Тынысалу орталығының қызметі қандағы газдар мөлшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мөлшері азайса (гипоксия) немесе көмір қышқыл газ деңгейі артса (гиперкапния) тынысалу жиілейді. Мұны гиперпноэ дейді. әдетте ересек адам минутына 16-20 рет дем алады (эйпноэ).
Егер қанда көмір қышқылды газ азайса (гиперкапния) тынысалу сирейді, тіпті тоқтап қалады (апноэ). Кеңірдекті қысып, біраз уақыт дем алмай қойса (асфиксия) гиперкапния мен гипоксемия үрдістері үдейді де адам жиі-жиі әрі терең дем алады, яғни диспноэ пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |