Дәріхана іс-тәжірибесінде қолданылатын ұшқыш бейсу еріткіштерді атаңыз.
Ерітінді дайындау үшін қандай майлар қолданылады?
Егер рецепте этил спиртінің концентрациясы көрсетілмесе, онда этил спирті еріткіш ретінде қандай концентрацияда болуы қажет?
Әлсіз концентрациялы этанолды алу үшін күшті концентрациялы этанолды сумен сұйылтқандағы есептеулердің ерекшеліктері қандай?
Ұшқыш және майлы еріткіштерде бейсу ерітінділерін дайындау ерекшеліктері қандай?
Тамшылардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы қандай? Оларды қалай жіктейді?
Тамшылардағы күшті әсер ететін, улы және есірткі заттар дозаларын қалай тексереді? Мысал келтір.
Сулы тамшылар технологиясының ерекшеліктері.
Дәрілік заттардың тұндырмалармен және басқа препараттармен ерітінділерін – тамшыларын дайындаудың ерекшеліктері қандай?
Тамшылар көлемінде жіберілетін ауытқу мөлшері қандай (мл)?
Тамшылардың және бейсу ерітінділердің сапасын бағалау.
Ситуациялық есептер
1. Дәріханаға концентрациясы 40%- сутек асқын тотығы бар пергидроль келіп түсті. Жазылымда дәрілік зат химиялық атаумен берілген, бастапқы заттың концентрациясы, стандартты концентрациядан жоғары. Бұл жағдайда фармацевтің іс-әрекеті.