Сабақ 8
1. Тақырыбы: Дәнмен және маймен эмульсиялар дайындау.
2. Мақсаты: Дәннен және майдан эмульсия дайындауды және нормативтті құжаттардың талабына сай сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты
Студент білуге тиіс:
дәннен эмульсия дайындауды (тәтті бадам, көкнар, асқабақ, жержаңғақ және грек
жаңғағы тұқымдарынан);
дәннен эмульсия дайындаудың технологиялық сатылары (тұқымды өңдеу, біріншілік эмульсия алу, біріншілік эмульсияны сұйылту, фильтрлеу, дәрілік затты енгізу, орамдау, босатуға безендіру);
қабықты және қабықсыз дәндерді өңдеудің ерекшеліктері;
эмульсияларды дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;
- майлы эмульсияларды эмульгирлеудің теориялық негіздерін;
- эмульсияларды дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша
нормативті құжаттар талаптарын.
Студент істей алуға тиіс:
дәрілік шикізаттың және судың мөлшерін есептеуді;
қасиеттері әртүрлі дәрілік заттарды дәннен жасалған эмульсия құрамына енгізуді;
дәннен жасалатын эмульсияның оптимальды технологиясын таңдауды негіздеуді;
дәннен жасалатын эмульсияны дайындаудың негізгі технологиялық сатыларын: тұқымды өңдеу, біріншілік эмульсия алу, біріншілік эмульсияны сұйылту, фильтрлеу, дәрілік затты енгізу, орамдау, босатуға безендіру;
дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты эмульгаторларды таңдауды;
судың, майдың және эмульгатордың мөлшерін есептеуді;
қасиеттері әртүрлі дәрілік заттарды эмульсия құрамына енгізуді;
эмульсияның оптимальды технологиясын таңдауды негіздеуді;
эмульсияны дайындаудың негізгі технологиялық сатыларын: салмақ бойынша өлшеу, көлем бойынша өлшеу, еріту, араластыру, фильтрлеу;
дәрілік түрді тығындап, орамдап және босатуға безендіруді;
эмульсияның сапасын бағалауды.
Достарыңызбен бөлісу: |