Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)



бет30/65
Дата22.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#142957
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Суспензия. Анықтамасы. Жіктелуі. Суспензияларға қойылатын талаптар.

  2. Суспензияларды алудың әдістері қандай?

  3. Қандай микстуралар жарық шашырататын, лайлы деп аталады. Олардың түзілу жағдайлары.

  4. Мүсәтір-анис тамшыларымен микстуралар дайындаудың ерекшеліктері.

  5. Суспензиялар сақтау кезінде қандай өзгерістерге ұшырауы мүмкін;

  6. Суспензиялардың гетерогенді жүйе ретінде ерекшеліктері қандай.

  7. Қандай жағдайларда суспензиялар түзіледі. Мысал келтіріңіз.

  8. Суспензиялар қандай фазалардан тұрады. Мысал келтіріңіз.

  9. Гетерогенді жүйе ретінде суспензиялардың тұрақтылық түрлері қандай.

  10. Суспензиялар тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді.

  11. В.В. Дерягин ережесі дегеніміз не? Қатты заттарды диспергирлеуде қолданылатын көмекші сұйықтықтардың ролі қандай?

  12. Гидрофильді және гидрофобты заттармен суспензия дайындаудың ерекшеліктері. Мысал келтіріңіздер.

  13. Суспензияларды бағалаудың негізгі көрсеткіштері.

Ситуациялық тапсырмалар
1. Ал.: Аммиак ерітіндісінен 20 мл
Камфора спиртінен 10 мл
Натрий хлоридінен 0,5
Тазартылған судан 70 мл
Араластыр. Босат. белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Студент қосымша ыдысқа 70 мл тазартылған суды өлшеп 0,5 г натрий хлоридін ерітті, 20 мл 10% аммиак ерітіндісін және 10 мл камфора спиртін қосты, араластырды және қоңыр түсті босататын құтыға сүзді. Тығындады және ішуге арналған құрал ретінде безендірді. Қосымша «Балалардан сақтаңыз» этикеткасымен жабдықтады.
Студенттің іс-қимылын сын көзбен бағалаңыз.



1. Технолог моноциклды терпендердің (ментол, терпингидрат) және бициклды терпендердің (камфора, бромкамфора) физико-химиялық қасиеттерін әртүрлі дәрілік түрлер дайындаған кезде қалай ескереді? Бұл дәрілік заттардың сақтау жағдайлары және оларды дозалау қалай жүргізіледі? Ментолды, камфораны, терпингидратты әртүрлі дәрілік түрлерге (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар) енгізуді салыстырыңыз.

Тесттік тапсырмалар

1. Суспензиялардың дисперстік фазасы:
А) сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты заттар
В) гидрофобтық заттар
С) бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтар
D) гидрофильді заттар
Е) сұйық дисперстік ортада еритін қатты заттар
2. Суспензиялар қасиеттері:
А) осмостық қысымы жоқ, технологиясында сүзу сатысы жоқ,
тұрақсыз
В) технологиясында сүзу сатысы жоқ, тұрақсыз, терапевтік әсері
жоғары
С) технологиясында сүзу сатысы жоқ, дисперстік ортасы жоқ,
тұрақсыз
D) осмостық қысымы жоқ, дисперстік фазасы жоқ, тұрақсыз
Е) осмостық қысымы жоқ, технологиясында сүзу сатысы жоқ,
тұрақты
3. Суспензиялардағы бөлшектердің седиментация жылдамдығы …….. тендеуі бойынша анықталады:
А) Стокс
В) Больцман
С) Фик
D) Энштейн
Е) Ньютон
4. Бөлшектердің тұнбаға түсу жылдамдығы келесі факторларға байланысты:
А) орта тұтқырлығы, бөлшектердін геометриялык мөлшері, фазалар
тығыздықтарының айырмашылықтары
В) сұйықтықтың осмостық қысымы
С) тұндыруға арналған ыдыстың радиусы
D) заттардың физико-химиялық қасиеттері
Е) дисперстік фаза және орта табиғаты
5. Орта тұтқырлығын........арттыруға болады:
А) шырындар, глицерин, шырыштар, МЦ, NaКМЦ қосу арқылы
В) өсімдік майларын қосу арқылы
С) температураны көтеру арқылы
D) дәрілік заттарды енгізу арқылы
Е) салқын жерде сақтау арқылы
6. Гидрофобтық заттармен суспензия дайындаған кезде, тұрақтандыру үшін .... қосады:
А) тұрақтандырғыш
В) глицерин
С) қант шырынын
D) дәрілік зат
Е) ароматизаторлар
7. Шайқағаннан және сілкігеннен кейін бір минут ішінде бөлшектері
біркелкі таралып, суспензияның алғашқы қалпына келуін ............ деп
атайды:
А) ресуспендірленулік
В) жоғары температураға тұрақтылық
С) агрегативті тұрақтылық
D) тұрақтылық
Е) тұрақсыздық
8. Суспензияларды........кұтыда босатады:
А) түссіз
В) "Рекорд" маркалы
С) қоңыр түсті
D) АБ-І маркалы
Е) МТО маркалы
9. Суспензияларды..........тәсілі бойынша дайындайды:
А) дисперсиялық, конденсациялық
В) химиялық, еріткіштерді ауыстыру
С) химиялық
D) лайлау, ерігіштік шегінен асыру
Е) Дерягин
10. Суспензияларда пульпа дайындауға қажетті су мөлшері:
А) суспензия түзетін заттар мөлшерінің жарты мөлшеріндей
В) шамамен 1–2 мл
С) суспензия түзетін заттар мөлшерімен бірдей мөлшерде
D) жазылымдағы барлық заттар мөлшерімен бірдей мөлшерде
Е) шамамен 5-10 мл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет