Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет35/65
Дата22.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#142957
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз

Ситуациялық есеп
Студент асқабақ дәнінен 100,0 г эмульсия дайындаған кезде, салмағы 110,0 г эмульсия алды. Қатты қабығынан тазаланған 10,0 г асқабақ дәніне 100 мл тазартылған су қосып, мұқият және ұзақ араластырды. Сүзбей босататын құтыға құйды. Негізгі «Ішуге», қосымша «Қолданар алдында шайқаңыз» этикеткаларымен безендірді.
Дәнмен эмульсия дайындау қандай сатылардан тұрады? Тұрақтандыру эффектісі қалай қамтамасыз етіледі?
Есеп
1. Rp.: Emulsi ex oleis Helianthi 100,0
Phenylii salicylatis 2,0
Misce.Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Студент № 7 келіде 5,0 г желатозаны 7,5 мл тазартылған сумен араластырды, 10,0 г зәйтүн майын қосты. Бөлшектеп 77,5 мл тазартылған суды қосып араластырды. Басқа келіде 2,0 г фенилсалицилатты 1,0 г дайын эмульсиямен ысқылады, қалған эмульсияны қосып, босататын құтыға құйды. Микстура ретінде безендірді.
Дайындалған эмульсия сапасы туралы не айтуға болады? Эмульсиядағы фенилсалицилат қандай дисперсті жүйе түзеді? Студент дайындау кезінде оның қандай қасиетін ескермеді?


Тест тапсырмалары
1. Дайындау әдісі және бастапқы шикізатқа байланысты эмульсиялар ........ жасалған эмульсиялар болып бөлінеді:
А) дәннен, майдан
В) жемістерден
С) гидрофобты заттардан
D) гидрофильді заттардан
Е) гигроскопиялық заттардан
2. Эмульсия дайындау кезінде міндетті түрде ...... енгізу қажет:
А) үшінші компонент-эмульгаторды
В) гидрофобты заттарды
С) ерімейтін қатты заттарды
D) гидрофильді заттарды
Е) пролонгаторларды
3. Эмульгаторлар түрлері:
А) ионогенді, бейионогенді
В) амфотерлі, бейионогенді, комплекстүзуші
С) ионогенді, бейионогенді, комплекстүзуші
D) амфотерлі, ионогенді, комплекстүзуші
Е) амфотерлі, катионактивті, анионактивті
4. Дәннен эмульсия дайындағанда қажетті біріншілік эмульсияға арналған су мөлшері (дән салмағынан):
А) 1/10
В) 1/2
С) 1/5
D) 1/2,5
Е) 1/20
5. Эмульсия дайындаған кезде рецепте май көрсетілмесе ...... алады
А) шабдалы немесе бадам
В) күнбағыс немесе мақта
С) күнбағыс немесе абрикос
D) күнбағыс немесе бадам
Е) мақта немесе шабдалы
6. Эмульгирлеу кезінде келісапты айландырады
А) спираль түрінде бір бағытта
В) жұмысты интервалмен
С) тәртіпсіз
D) кезектесіп әр бағытта
Е) соқпалы ысқылау әсерімен
7. Эмульсия құрамына суда еритін заттарды енгізеді
А) сұйылтуға арналған су бөлігінде ерітіп
В) эмульгатормен ысқылап
С) ұсақ ұнтаққа дейін суспензия түрінде
D) майда ерітіп
Е) ең соңында
8. Эмульсия құрамына майда, суда ерімейтін заттарды енгізеді
А) дайын эмульсияға суспензия түрінде
В) эмульгатормен ысқылап
С) сұйылтуға арналған су бөлігінде ерітіп
D) маймен ысқылап
Е) соңында
9. Эмульсияның корпусын дайындауға қажетті су мөлшері
А) май және эмульгатор қосындысының ½ бөлігіндей
В) май және эмульгатор қосындысының 1/10 бөлігіндей
С) май және эмульгатор қосындысының 1/5 бөлігіндей
D) май және эмульгатор қосындысына теңдей мөлшерде
Е) май және дәрілік заттардың қосындысына теңдей мөлшерде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет