Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет63/65
Дата22.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#142957
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз

Сабақ 15


1. Тақырыбы: Көз тамшылары мен жағар майлары технологиясы.


2. Мақсаты: Көзге арналған дәрілік түрлерді (тамшылар, басуға арналған ерітінділер, көз жағар майларын) дайындауды және олардың сапасын бағалауды үйрену.


3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  • көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамаларын;

  • көз дәрілік түрлеріне қойылатын талаптарды және оларды қамтамасыз ету тәсілдерін;

  • көзге арналған дәрілік түрлердің технологиясының ерекшеліктерін;

  • көз жағар май негіздеріне қойылатын талаптар;

  • көз жағар май технологиясының ерекшеліктері;

  • көзге арналған дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалау, босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын.


Студент істей алуға тиіс:

  • көз тамшыларындағы, офтальмологиялық ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын есептеуді;

  • көз тамшылары мен офтальмологиялық ерітінділерді дайындауда негізгі технологиялық операцияларды орындауды: өлшеуді, ерітуді, консервирлеуді, изотондауды, тұрақтандыруды, фильтрлеуді, стерильдеуді;

  • көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау;

  • көз жағар майларында дәрілік заттардың концентрациясын есептеуді;

  • негізгі технологиялық операцияларын орындай отырып көз жағар майларын дайындауды;

  • көзге арналған дәрілік түрлердің оптимальды технологиясын таңдауды және дәйектеуді;

  • негізгі технологиялық операцияларды сақтай отырып көз жағар майын дайындау;

  • көзге арналған дәрілік түрлердіі, сапасын бағалауды.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Көз тамшылары. Анықтамасы. Сипаттамасы. Қойылатын талаптар.

  3. Көз тамшыларын дайындау ерекшеліктері.

  4. Көз тамшыларын құрғақ заттарды ерітіп және олардың концентрлі ерітінділерін пайдаланып дайындау.

  5. Көз жағар майларының технологиясы. Көз жағар майларын дайындауда қолданылатын негіздер

  6. Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау.



Тапсырма 1. ҚР ДСМ 17.01.2012 ж. N 91 “Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану. Санитарлық ережелері мен нормалары” бұйрығын конспектілеу; МФ X, XІ басылымындағы “Көз тамшылары” мақаласын конспектілеу.
Задание 2. Келесі жазылым бойынша күнделікке рецептерді жазу, латын тіліне аударып, есептеуін жүргізіп, бақылау паспортын құрастыру, технологиясын, теориялық дәйектемесімен жазу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет