Тестік тапсырмалар 1. 5 % - 100 мл глюкоза ерітіндісін тұрақтандыру үшін қажетті Вейбель тұрақтандырғышының мөлшері:
А) 5 мл
В) 10 мл
С) 25 мл
D) 20 мл
Е) 100 мл
2. Шаншуға арналған ерітінділерде хлорсутек қышқылы.... үшін қолданылмайды:
А) ерітіндідегі көмір қышқылының деңгейін төмендету
В) тұз гидролизін тежеу
С) шыныдан болатын сілті ортаны нейтралдау
D) тотығу процесстерін бәсеңдететін рН орта түзу
Е) күрделі эфир тобының сабындануын тежеу
3. Шаншуға арналған новокаин ерітіндісін...... тұрақтандырады:
А) хлорсутек қышқылымен
В) натрий гидроксидімен
С) Вейбель тұрақтандырғышымен
D) натрий сульфитімен
Е) натрий тиосульфатымен
4. Шаншуға арналған аскорбин қышқылы ерітіндісін...........тұрақтандырады
А) натрий сульфитімен
В) натрий гидроксидімен
С) Вейбель тұрақтандырғышымен
D) хлорсутек қышқылымен
Е) натрий тиосульфатымен
5. Шаншуға арналған глюкоза ерітіндісін....... тұрақтандырады:
А) Вейбель тұрақтандырғышымен
В) натрий гидроксидімен
С) натрий сульфитімен
D) хлорсутек қышқылымен
Е) натрий тиосульфатымен
6. Шаншуға арналған натрий бензоаты ерітіндісін ........тұрақтандырады:
А) натрий гидроксидімен
В) Вейбель тұрақтандырғышымен
С) натрий сульфитімен D) хлорсутек қышқылымен
Е) натрий тиосульфатымен
7. Шаншуға арналған ерітінділерде натрий гидроксиді мен натрий гидрокорбонаты....... ерітінділерін тұрақтандыру үшін қолданылады:
А) күшті негіз және әлсіз қышқыл тұздары
В) күшті қышқыл және әлсіз негіз тұздары
С) жеңіл тотығатын заттар
D) термолабильді заттар
Е) әлсіз негіз және әлсіз қышқыл тұздары
8. Шаншуға арналған ерітінділерде хлорсутек қышқылы...... ерітінділерін тұрақтандандыру үшін қолданылады:
А) күшті қышқыл және әлсіз негіз тұздары
В) күшті негіз және әлсіз қышқыл тұздары
С) жеңіл тотығатын заттар
D) термолабильді заттар
Е) әлсіз негіз және әлсіз қышқыл тұздары
9. Рингер-Локк ерітіндісін дайындағанда, асептикалық жағдайда жеке екі натрий гидрокарбонаты және қалған ингридиенттер ерітінділері дайындалады, себебі:
А) ерітінді лайланбауы немесе ерітіндіде тұнба түзілмеуі үшін
В) кальций хлоридінің тотықпауы үшін
С) флакон жарылмауы үшін
D) ерітінді түсі өзгермеуі үшін
Е) құрғақ заттардың ерігіштік шегінен асып кетуін болдырмау үшін
10. Барлық инфузиялық тұзды ерітінділердің ( Трисоль, Хлосоль, Дисоль, Ацесоль, Квартосоль және басқалары) құрамында міндетті түрде болатын тұз:
А) натрий хлориді
В) калий хлориді
С) кальций хлориді
D) натрий ацетаты
Е) натрий гидрокарбонаты
11. Инфузиялық ерітінділерге қойылатын қосымша талаптар:
А) изотондық, изогидрлік, изоиондық
В) механикалық қоспалардың болмауы
С) стерильділік
D) тұрақтылық
Е) апирогендік
12. Рингер-Локк ерітіндісі құрамы:
А) натрий хлориді 9,0, калий және кальций хлориді, натрий гидрокарбонаты тең мөлшерде 0,2 , глюкоза 1,0, су 1 л дейін
В) натрий хлориді 9,0, калий және кальций хлориді, натрий гидрокарбонаты тең мөлшерде 0,2, су 1 л дейін
С) натрий гидрокарбонаты 1,0, натрий ацетаты 205, натрий хлориді 4,0, калий хлориді 1,5 , су 1 л дейін
D) натрий хлориді 9,0, шаншуға арналған су 100 мл
Е) натрий хлориді 9,0 , кальций хлориді 2,0, су 1 л дейін
13. Натрий тиосульфатының шаншуға арналған ерітіндісі...... тұрақтандырылады:
А) натрий гидрокарбонатымен немесе 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісімен
В) 0,1 н хлорсутек қышқылы ерітіндісімен
С) тиомочевинамен
D) натрий метабисульфитімен
Е) Вейбель тұрақтандырғышымен
14. Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың шаншуға арналған ерітінділері..... тұрақтандырылады:
А) натрий метабисульфидімен
В) 0,1 н натрий гидрооксидімен
С) 0,1 н хлорсутек қышқылы ерітіндісімен
D) натрий гидрокарбонатымен
Е) Вейбель тұрақтандырғышымен
15. Құрамында улы дәрілік заты бар шаншуға арналған ерітінді........... қосымша этикеткасымен безендіріледі:
А) Абайлап қолданыңыз
В) Стерильді дәрілік түр
С) Салқын жерде сақтаңыз
D) Қараңғы жерде сақтаңыз
Е) У