ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет53/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
8. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1.Гонореяда жасырын кезеңнің ұзақтығы:
А) 3-10 күн
Б) 1-2 ай
В) 2-3 апта
Г) 2 аптадан 6 айға дейін
Д) 1 айға дейін
2. Гонококктар зақымдайды:
А) цилиндрлік эпителий
Б) куб тәрізді эпителий
В) көп қабатты жалпақ эпителий
Г) призма тәрізді эпителий
Д) мүйізді эпителий
3. Жедел гонореядағы ем:
А) антибиотикотерапия
Б) антибиотикотерапия, жергілікті ем, физиотерапия
В) антибиотикотерапия, физиотерапия, санаторлы-курорты ем
Г) Этиотропты, иммунотерапия, жергілікті ем
Д) антибиотикотерапия, жергілікті, гормонотерапия
4. Мерезбен ауырған анадан туылған балаларға жүргізілетін диспансерлік бақылаудың ұзақтығы:
А) 5 жасқа дейін
Б) 1 жасқа дейін
В) 7 жасқа дейін
Г) 15 жасқа дейін
Д) өмір бойы
5. Кеш туа мерездің мүмкін белгілері:
А) Робинсон-Фурнье радиарлы тыртықтары
Б) мерезді пузырчатка
В) Парро жалған салданулар
Г) мерезді остеохондрит
Д) Миллиан белгісі
6. Жүре пайда болған мерездің кезеңі, бөртпесі ерте жастағы мерезге ұқсас:
А) екіншілей жедел
Б) біріншілік
В) екіншілік рецидивті
Г) үшіншілік
Д) біріншілік серонегативті
7. Anopheles масасының қандай түрлері Қазақстанда безгекті плазмодийлердің тасымалдаушылары болып табылады?
А) Anopheles macullipenis
Б) A.superpictus
В) A.pulcherrimus
Г) A.sacharovi
Д) барлық аталған түрлер
8.Қазақстан Республикасында безгекпен аурушандылық маусымдылығын түсіндіріледі.
А) маса белсенділігі мен түрлері
Б) маса ағзасында плазмодийлердің спорогония кезеңі
В) климаттық фактор
Г) жасырын кезеңінің ұзақтығы
Д) жыл бойы
9. Аймақтың маляриогендігі келесі факторлармен негізделген:
А) ауаның оптимальды температурасының болуы
Б) Anopheles масаның болуы
В) маса ұрғашысының эпидемиологиялық қауіпті жасқа жету мүмкіндігі
Г) численностью восприимчивого к заражению плазмодийлермен
залалдануға бейім халықтың және маса саны
Д) барлық аталған факторлардың болуы
10. Безгек кезінде эпидемияға қарсы және алдын алу шараларды жүргізу барысында патогенездің ... кезеңдеріне әсер ету қажет
а) инфекция қоздырғышының көзіне (1 кезең)
б) қоздырғыштың берілу механизміне (2 кезең)
в) халықтың бейімділігі (3 кезең)
г) эпидемиялық процестің тек 1 және 2 кезеңіне
д) эпидемиялық процестің тек 2 кезеңіне
1 жағдайлық есеп
МСБ фельдшеріне, тері-венерологиялық диспансерінен кондитерлік цехтың 32 жасар әйел, 2 және 10 жасар қыздардың анасы, қызметкерін тексеруге жіберу талабымен телефонограмма түсті.Себебі гонореямен науқастанған ауру ер адам бұл әйелді өзінің ауруының көзі деп көрсетті.
Фельдшер тактикасын көрсетіңіз
1. Тез арада телефонограмманы цех басшысына жеткізіп, сотқа құжаттарды дайындау

  1. Осы МСБ – нің цехының барлық әйел қызметкерлерін алдын-ала қараудан өткізу

  2. Сан-эпид.тәртіптің сақталуы қатаң болу қажет: науқас госпитализацияланады, ыдыс-аяқ, гигиена заттары, төсеніштері, сүлгілері дезинфекцияланады; балалардың клиникалық – серологиялық тексеру жүргізіледі, бақылау барысында, бірнеше рет 6 ай кем болмау қажет (1 жыл);

  3. Медициналық қызметкер диагноз құпиясын, этика мен деонтологияны сақтай отырып, дәрігердің барлық нұсқауларын орындау

  4. Тек 2+3+4 дұрыс

2 жағдайлық есеп
Фельдшер қабылдауында – алкоголь ішімдіктерін көп ішетін, жиі кездейсоқ қатынастарға түсетін 30 жасар ер адам. Ер адам бір интимді танысына тері-венерологиялық диспансерінде «Екіншілік рецидивті мерез» диагнозы қойылғаны туралы айтты.
Осы жағдайдағы фельдшердің дұрыс тактикасын көрсетіңіз

  1. фельдшер басқаруымен медбике, катаң түрде этиканы сақтай отырып, қатынаста болған адамдарды табу, оларды тексеруге шақыру бойынша үлкен жұмысты атқарады; пациентты соңғы 3 айда мүмкін қатынаста болғандарды айтуға керек екендігін туралы жұмыста дәрігерге көмек береді

  2. здравпункт кабинетінде лезде пациенттің емі басталады,

  3. осы жағдайдағы фельдшердің дұрыс тактикасы – тез арада пациентті осы МСБ-нің бір бөлімшесіне госпитализациялау

  4. фельдшер пациентке ЖЖБИ-ның клиникалық ағымының ерекшеліктері туралы түсіндіріп, ТВД-не тексеру үшін бару қажеттігін айтады.

  5. барлық аталғандар осы пациентті жүргізудің дұрыс тактикасына жатқызылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет