Еріткіштер немесе флюстер – бұлар фарфорлық массаның балқу температурасын төмендетеді (оларға натрий корбанаты, кальций карбонаты жатады). Қазіргі заманғы стоматологиялық фарфорлық массада бұлардың мөлшері 25%-ға дейін жетеді. Олардың балқу температурасы 600-8000С.
Бояғыштар – бұларды фарфорлық массаның түсін тістің табиғи түсіне жақындату үшін қолданады. Бояғыштар ретінде металл, марганец, хром, кобальт, мырыш тотықтарын және т.б. пайдаланады.
Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың ең керек құрамы. Оның 3-10% қоспасы фарфорлық массаның күйдіру температурасын жоғарлатады. Коалиннің балқу температурасы 1700-18000С. Ақ саз балшық – бұл дала шпатының әртүрлі табиғи факторлардың әсерінен ұзақ уақыт ыдыраған тау шөгіндісі болып табылады.
Табиғи ақ саз балшық әдетте қосындылардан тұрады. Олар металл тотықтары кремнийдің қос тотығы, глинозем т.б.
Күйдіру кезінде каолин муллит кристалдарын түзеді. Әдетте олар фарфорларға беріктілік пен термотұрақтылық береді. Бірақ, олар фарфордың мөлдірлігін тез төмендетеді, сондықтан кейбір стоматологиялық фарфор дайындауда каолинді қолданбайды. Қрамында каолин жоқ фарфорлық массаға фластификатор ретінде қосады (қант, декстрин, крахмал).
Фарфорлық тістерді мүсіндеуді жеңілдету үшін, массаның ұнтағын анилинмен бояйды. Олар күйдіру кезінде толығымен жанып кетеді.
Фарфор – бұл әр түрлі компоненттерді қосу арқылы күйдіріп және пісірудің нәтижесінде алынады. Ол тұз қышқылынана басқа әр түрлі ортаға тізімді болады.
Фарфордан жасалынатын жасанды тісті сауытта арнай күйдіру тәртібімен жасайды. Жоғарғы температурада дала шпаты шыны тәрізді фазаға айналады. Ол әртүрлі компоненттерді ерітеді. Шыны тәрізді фаза күйдіру кезінде массаға пластикалық қасиет беріп қана қоймай, құрамды бөліктерді байланыстырады. Дала шпаты жасанды тіске күйдіруден соң тістің бетіне бір тегіс жалтыр глазиурлы беткей береді.
Кварц өнімінің морт сынғыштығын және фарфорлық массаның отыруына азайтады. Каолин массаның механикалық беріктігі мен ыстыққа тұрақтылығына әсер етеді. Фарфорлық массаны дайындауда қолданылатын әртүрлі компонент өнімдері шихта мынадй пайыздық қатынаста болады: 25-32%кварц, 60-70% дала шпаты және 3-10% каолин. Осы шихтаны аздап ылғандандырып, отқа төзімді болашақты ыдыс капсуланың ішіне нығыздап салады. Шихтаны капсуланың ішіне салмас бұрын, майдаланған кварц пен каолинді ыдыстың ішкі бетіне жағады, себеі шихта ыдыстың қабырғасына жабыспау керек. Содан кейін күйдіруге арналған пеште 13500 С температурада 20 сағат ұстайды. Шихтан күйдіру процесі «фриттеу» деп атайды. Ал, алынған өнім «Фритта» деп аталады. Керамикалық массалардың балқу температурасын төмендету үшін мынадай қопалар қосылады: бор қышқылы, литий корбанаты, магний тотығы, натрий коранаты.
Фарфорлық массаны дайындау технологиясы. Стоматологиялық фарфорлық массаны оның болашақта қолдану ерекшілігіне қарамастан, (дербес сауыттар, жасанды сауттар, металлокерамика үшін) біркелкі есеп жасайды. Фарфорлық массаны дайындауда ең маңыздысы бастапқы өнімнің тазалығы. Дала шпаты мен кварцтың ірі кесектері алдын ала 5-10 см-ге майдаланады. Содан соң арнайы бегундар арқылы дала шпаты мен кварц майдаланып ұнтақталады. Дайын болған өнімге әр түрлі флюстер қосып аралаластырады. Қоспаны шамотты тиглге орналастырып шыны масса алынғанша күйдіреді. Фриттаны тез салықндату арқылы оны шытынаады. Содан соң тиглден алып керек дисперциясына дейін ұнтақтайды. Фарфорлы тістің бояуы мен керек түсті алу, бояғыш пигменттерді қосу арқылы алынады. Содан кейін дайын ұнтаққа пластифактор мен аналин сырларын қосады. Осындай түрдегі фарфорлы ұнтақты тіс техникалық зертханасында протез жасау үшін қолданылады.