ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет30/65
Дата16.06.2023
өлшемі192,7 Kb.
#101792
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Базисті балауыз. Оны алмалы-салмалы протездердің базисін жасауға қолданады және тік төрт бұрышты, түсі қызыл, пластинка түрінде базисті балауыз деген атпен шығарады.
Базисті балауыздың құрамына парафин (78-88%), ара балауызы (4-22%), синтетикалық цезерин (3,5-8%), карнауб балауызы 1%, дамар резинасы – каучук (1%), бояғыштар (0,1%) кіреді.
Базисті балауыз мынадай қасиеттерге ие:

  1. жұмсарған пластинкалар бір-біріне оңай жабысады, қолға жабыспайды.

  2. балауыздың ауыз қуысының тіндеріне зиянды әсері жоқ.

  3. 230С температурада өткір заттармен оңай өңделеді.

  4. жалында аздап қыздырған кезде балауыздың беті тегістеледі.

  5. бояғыштары протезді қайнатқанда боямайды.

Доғалы балауыз. Ол мұндай атпен диаметрі 82 мм, қалыңдығы 0,4-0,5 мм қызғылт түсті диск түрінде шығарылады. Қолданылуы доғалы протездің қаңқасының аралық бөлігінің мүсінденге қолдаылады. Құрамы базисті балауыздың құрамынан айырмашылығы жоқ, тек арнайы технологиялық өңдеулер нәтижесінде иімділігі жоғарғы, ыстыққа шөгуі төмен. Доғалы балауыздаржоғарғы иімділік қасиетіне ие болып,оңай үсінге пішінделеді. Доғалы протездің аралық бөлігін мүсіндеу үшін, балауызда от жалынында немесе ыстықсуда ұстап, мүсінге орналастырып пішіндейді.
Тұрақты протездерді мүсіндеуге арналған балауыздар. Мұндай балауыздар «Көпір тектес протездерді мүсіндеуге арналған балауыз» деген атпен төрт бұрышты көк түспен мөлшері 40х9х9мм бағана түрінде шығарылады.
Қолданылуы: көпір тектес протездердің аралық бөлігін, тістің анатомиялық пішінін мүсіндеуге қолданылады.
Құймалы балауызды жартылай алмалы-салмалы протез элементтерін, доғалы протез қаңқасын құю үшін қолданылады. «Қатаң формадент» деген атпен тік бұрышты пішінде, жасыл түсті пластинка күйінде шғарылады.
Формадент құймалы кламмерлерді, доғалы торларды және тағы басқа доғалы протез элементтерін балауыз мүсіндерін силиконды пішінде құйып шығаратын балауыз қосындыларынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет