ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің және фармацевтердің біліктілігін жетілдіру факультеті жәнеколледждің стоматология кафедрасы «Доғалы протез дайындау


Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------



бет10/33
Дата21.12.2023
өлшемі75,73 Kb.
#142340
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
МР-ТИБП-СТОМ-4к-теория-КАЗ

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. Нея жүйесінің негізгі түрлері.
2. 2-ші зертханалық кезең.
3. Аралас жәәне кері әсер етуші кламмерлердің элементтері.
4. Кламмердің элементтері және конструкциясы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Көшірме мүсін дайындаған соң мүсінді параллелометрде тексеріп, тірек тістерге орта сызық сызып қаңқа суретін салады. Тірек тістердің беті параллелді болу үшін барлық ішкі шұңқырларға балауыз құяды. Мүсінде доға орналасқан жерде балауызды төсем қояды.Оның қалыңдығы жоғарғы жақта 0,2-0,3мм ,төменгі жақта 1,5-2мм. Бұл төсемді доғалы балауызбен жасайды.
Нея жүйесінің 3-ші кламмері комбинирленген кламмер болып табылады.Аккер және Роуч кламмерінің иықтарынан тұрады.Ол табиғи ойықты жабатын әдеттегідей бастырмадан тұрады. Тістің бір бетіне жапсырма кламмер денесі арқылы 1-ші кламмердің иығымен жалғасады, ал екінші бетінде 2-ші кламмердің иығы орналасады.Мұндай үйлестілік протездің жақсы бекітілуін қалыптастырады және бүйірге ығысуын,шырышты қабатқа енуін болдырмайды. Кламмердің бұл түрі тірек тістерінің қандайда бір бетке қисаюында немесе осьімен бұрылуындағы шектелген ақауда қолданылады.
Нея жүйесінің 4-ші кламмері бір иықты болып табылады. Фронтальді тістерге және кіші азу тістерде соңғы ақаулар қалпына келтіргенде, тірек тістер қысқа немесе конус пішіндегі сауытында қолданылады. Кламмер протез ершікгінің медаильды бөлігінде орналасады. Ал кламмер иығының қатты бөлігі бір бағыттағы ығысуды болдырмайды.
Сондықтан осы сияқты кламмерді жақтың 2-ші бетінде қолдану қажет.Әсіресе кламмер кіші азу тістерде жиі қолданады. Бұл кламмер бір иықты кері артқа әсер етуші кламмер болып табылады. Тірек ұстап тұратын кламмердің окклюзиялық бастырмасы тірек тістердің дистальды немесе шайнау бетінде орналасады.Бір иықты кері кламмерлердің бастырмасы кіші азу тістің медиальды бетінде және фронтальды тістердің тілді немесе таңдай бетінде орналасады. Мұны кері әсер етуші кламмер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет