Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


АЛЬФА – ФЕТОПРОТЕИН (АФП)



бет34/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   149
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

АЛЬФА – ФЕТОПРОТЕИН (АФП)
Альфа-фетопротеин (альфа-1-фетопротеин) – сарыуыз қабында, бауыр мен асқазан-ішек жолдарында синтезделеді. Әсіресе көп мөлшерде сарыуыз қабында, ал оның атрофиясынан кейін – эмбрион бауырында түзіледі. Постнатальдық кезеңде білінбейтін, ұрықтың жатырішілік дамуы кезінде түзілетін, онкофетальдық антигендердің қатарына жатқызылады. АФП көптеген концентрациясы жүктіліктің 13-ші аптасында білінеді. АФП концентрациясының біршамасы ұрықтың қанында осы белок деңгейінің артуы жүкті әйелдің қанында өтеді.
Тесттің клиника-диагностикалық маңыздылығы ананың қанында АФП деңгейі бойынша ұрық дамуындағы кемістіктерді, бірінші кезекте жаңа туылғандардың арасында 1/250-1/1000 жиілікте кездесетін және өлі тууға немесе толығымен кемтарлыққа алып келетін жүйке түтікшелерінің ақауларын (бас миы мен бастың бір бөлігінің болмауы, омыртқаның бөлініп кетуі және т.с.с.), сонымен қатар, ақыл-есі кем және көптеген физикалық кемтарлықтарымен сипатталатын және жаңатуылғандарда 1/700 - 1/800, ал үлкен ересек топтардағы аналардан жаңа туылатындарда 1/45-1/100 жиілікте кездесетін, тұқымқуалайтын хромосомдық ауруға жататын, Дауна синдромымен жүктіліктің қауіпті кезеңі мен идентификациясын анықтау болып табылады.
АФП анықтау тесті бауырдың бастапқы рагын (гепатомалар), аталық және аналық ұрық бездерінің эмбриональдық-жасушалық ісіктерін диагностикалау және емдеудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Клиникалық практикада АФП биологиялық сұйықтықтар құрамынан зерттеу маңызды түрде гепатоцеллюлярлық ракты диагностикалау және емдеу мониторингісі үшін, сондай-ақ ұрықтың дамуындағы кемтарлықтарды айқындау үшін қолданылады.
Қан плазмасындағы АФП құрамының қалыпты көрсеткіштері:
балаларда бірден туылғаннан кейін– 33 000-100 000 U/ml (Ед/мл);
өмірінің алғашқы күнінде –100 Ед/мл аз;
келесі 6 ай аралығында қан плазмасындағы АФП құрамдық мәні ересектердің деңгейіне жуықтайды;
ересектердің плазмасында АФП концентрациясы 8 Ед/мл, немесе 6 мкг/л аз;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет