Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


КТТ (көмірсу-тапшылық трансферрин)



бет37/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   149
^ КТТ (көмірсу-тапшылық трансферрин)
Бұл трансферриннің изоформасы, оның простетикалық тобында сиал қышқылы аз немесе мүлдем жоқ. Бауырда синтезделеді. Бұл белоктың көмірсулық бөлігінің бұзылу механизмі болмайды. Оның диагностикалық мәні – ішімдікке салыну маркері, қазіргі кездегі ең маңыздысы. КТТ тек қана ішімдікті созылмалы түрде қабылдағанда артады (50-80 г спиртті бірнеше аптада). Ішімдіктен бас тартқан кезде КТТ қалыпты жағдайға дейін 1-2 ай аралығында төмендейді.
АЛЬБУМИН
Бауырда синтезделеді. Зерттеу үшін қансарысуы, жұлын миы сұйықтығы (1 мл көлемнен артпау қажет) және зәр қолданылады
Қансарысуын зерттеу. Қансарысуында альбумин құрамының қалыпты көрсеткіші -35-55 г/л
Қан сарысуында альбумин деңгейінің жоғарылауы нақты түрде кездеспейді, ал егер анықталатын болса, онда, қан арнасындағы су құрамының азаюымен туындайды (дегитратация). Тағыда гемоконцентрация, тамырішіне көп мөлшерде альбуминнің концентрленген «ерітіндісін» енгізген кезде байқалады. Сондай-ақ, ағзаның сусыздануы псевдогиперальбуминемияға, немесе біршама гиперальбуминурияға әкеледі.
Қансарысуында альбумин құрамының төмендеуі байқалады:
тағам өнімдерімен бірге белоктың жеткіліксіз мөлшерде түсуі (ашығу, өңештің стриктурасы және басқалар);
асқазан-ішек жолы шырышты қабығы арқылы белоктың ыдырау өнімдерінің сіңірілуі бұзылғанда (энтериттер, асқазанның ойық жарасына, онкологиялық ауруларына байланысты асқазанның бір бөлігін алып тастаған жағдайда);
альбумин синтезі төмендегенде (улы зақымдануда, бауыр циррозы);
белокты артығымен жоғалтқанда (қан кету) ішек қуысына (ішектің айналып кетуі, ойықжара колитінде, перитонитте), күйіктің беткейіне (көлемді күйік кезінде); аурудың зәрімен бірге, нефротикалық синдроммен бар ауруларда (бүйрек арқылы альбуминнің артық мөлшерде және плазманың жалпы белоктарының кейбір басқада фракцияларының бөлінуі), жедел және созылмалы гломерулонефрит; қан кету кезінде, «үшінші кеңістікке» шығуы (экссудаттар мен транссудаттардың түзілуі);
операциядан кейінгі жағдай.
Зәрді зерттеу (микроальбуминурияны анықтау үшін). Зәрді 24 сағат аралығында жинайды (тұз қышқылын қоспай). Анализге оның жалпы мөлшерінен 10 мл алады.
Зәрдегі альбумин құрамының қалыпты көрсеткіші - 17,0 мг/л аз, тәуліктік экскрециясы – 0-30 мг/тәу..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет