Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Қанда гаптоглобин құрамының жоғарылауы байқалады



бет39/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149
Қанда гаптоглобин құрамының жоғарылауы байқалады:
жедел қабынулық процесстерінде;
ісіктерде;
нефротикалық синдромда.
Қанда гаптоглобин құрамының төмендеуі байқалады:
тамырішілік гемолизде;
медикаментоздық, мысалы, сульфонамидтердің немесе пиразолдың туындыларын қабылдағанда туындайтын (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназдың жетіспеушілігі кезінде);
инфекциялық, мысалы, малярияда;
бауыр паренхимасының зақымдануы;
мальабсорбция синдромында.
Тағайындаудың ерекшелігі: гаптоглобин жедел фазалық белок болғандықтан, онда оны гемолиздің көрсеткіші ретінде дәл бағалау үшін қосымша СРБ және альфа1-қышқыл гликопротеинді анықтау талап етіледі
Гаптоглобинді анықтауды анағұрлым жиі түрде гемолиз бен эффективті емес эритропоэздің ажырату диагностикасы үшін тағайындалады. Егер гаптоглобиннің концентрациясы нөлге жақын болса, онда гемопексинді анықтау керек. Егер бос гемоглобиннің гем және глобинге диссоциациясы кезінде түзілетін, бос гемнің концентрациясы > 6 мг/л құраса, гемопексиннің концентрациясы төмендейді. Гемопексиннің азаюы тамырішілік және тамырсыртылық гемолиздің сенімді критериі болып табылады.
ЛИПОПРОТЕИН –Х (Lp – Х)
ЛП-Х ақаулы липопротеин, бауырда өттің тұрып қалуы (холестаз) кезінде қанда пайда болады. Денісау адамдарда ЛП-Х анықталмайды (ЛП-Х қанда болмауы қалыпты көрсеткіш ретінде бағаланады).
ЛП-Х құрамының жоғарылауы холестаз кезінде байқалады.
ГЛИКОЗИЛИРЛЕНГЕН ГЕМОГЛОБИН (НbAlc)
(ГЕМОГЛОБИН Alc, ҚАН)
Гликозилирленген гемоглобин – посттрансляцилық ұйымдасатын гемоглобин. Глюкоза белоктармен (сонымен қатар гемоглобинмен) әсерлесе отырып, шиффтік негіз түзеді. Гемоглобиннің гликозидациялық дәрежесі анализге қанды алғанға дейінгі 4-6 апта кезеңінде глюкозаның орташа деңгейін бейнелейді.
Сонымен, қандағы глюкоза концентрациясының уақытша жоғарылауы қанда гликозилирленген гемоглобин құрамының артуы сияқты өзіндік «із» қалдырады. Гликозилирленген гемоглобин концентрациясын өлшеу қант диабеті кезінде гипергликемияның айқындығын ретроспективті бағалауға мүмкіндік береді.
HbAl 3 компоненттен тұрады: HbAlа, HbAlb, HbAlс. Мөлшерлік жағынан HbAlс басым.
Гликозилирленген гемоглобин (гемоглобин Alс) қандағы құрамының қалыпты көрсеткіші диабет еместерде 6 % азды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет