Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.
Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.
Кері байланыс сұрақтары: 1. Метаболизм кезінде қандай негізі қызметтер атқарылады?
2. Биологиялық мембраналардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
3. Жәй және жеңілдетілген диффузия қалай жүреді?
4. Заттардың трансмембрандық белсенді тасымалдануы қалай жүреді?
№ 4
1.Тақырыбы: Биоэнергетика. 2.Мақсаты: Өзіне тән катаболизммен жалпы катаболизмнің айырмашылығын, пируваттың тотығып декарбоксилденуін және Кребс айналымын молекулалық деңгейде түсіндіру. Тыныс алу тізбегінің ферменттерінің құрылысын , қасиетін және протондық потенциалдың түзілу механизмін, тотығып фосфорлануы, гипоэнергетикалық жағдайдың пайда болуын түсіндіру.
3. Дәріс тезистеріТірі табиғаттың энергия көзі болып күн сәулесі саналады. Табиғаттағы барлық тірі организмдер күн энергиясын қолдану мүмкіншілігіне қарай аутотрофтық және гетеротрофтық организмдерге бөлінеді. Аутотрофты организмдер күн сәулесінің энергиясын қолданып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді (көмірсуларды, аминқышқылдарын, майқышқылдарын және т.б). Гетеротрофтар энергия көзі ретінде органикалық заттарды қолданылады. Адам организмі үшін негізгі энергия көзі болып тағамның көмірсуы, майлары, азырақ деңгейде нәруыз саналады.Осы заттар қортылғаннан кейін мономерлер жасушаға енеді. Жасуша ішінде мономерлер (глюкоза, май қышқылдары, аминқышқылдары) ыдыратылып, энергия бөлініп шығарылады.Бөлінген энергия фосфаттардың макроэргиялық байланыстарда жинақталады. Өздеріне тән катаболизм жолымен моносахаридтер, гликогендік аминқышқылдары, глицерин пируватқа, ал май қышқылдары мен кетогендік аминқышқылдары ацетил-КоА айландырылады. Пируваттың тотығып декарбоксилденуі және Кребс айналымы катаболизмнің жалпы жолына жатады.
Пируват дегидрогеназалық жинақ бірі бірімен коваленттік байланысқан үш түрлі ферменттерден тұрады. Пируватдегидрогеназадан, дегидролипоилацетилтрансферазадан және дигидролипоилдегидрогеназадан. Осы полиферменттік жинақ митохондрийдің ішкі мембранасымен берік байланысып, матрикске бағытталған. Пируваттың тотығып декарбоксилдену процесіне осы полиферменттік жинақпен байланыспаған бос күйіндегі коферменттер НАД+ және КоА-SH қатынасады. Реакция нәтижесінде пируваттың бір молекуласынан ацетил-КоА, СО2 , НАДН+Н түзіледі. Ацетил-КоА Кребс айналымының субстратты ретінде, ал НАДН+Н+ тыныс алу тізбегінің энергия көзі ретінде қолданылады.
Ацетил – КоА Кребс айналымында сегіз ферменттердің (цитратсинтазаның, аконитатгидротазаның, изоцитрат-дегидрогеназаның, альфа-кетоглуторат-дегидрогеназалық жинақтың, сукцинил-КоА-синтетазаның, сукцинат-дегидрогеназаның, фумаразаның, малатдегидрогеназаның) әсерінен катаболизмге ұшырайды. Реакциялар нәтижесінде ацетил- КоА-ның бір молекуласынан 3НАДН+Н+, ФАД Н2, АТФ тҮзіледі, 2СО2 және КоА-SН бөлініп шығарылады. Тотықсызданған НАД пен ФАД тыныс алу тізбегінің энергия ретінде жұмсалады
Тыныс алу тізбегінің құрамына флавопротеид-1, темір-күкірті нәруыз, кофермент Q, цитохром в, темір-күкірті ақуыз, цитохромдар С1 ,С,а,а3 кіреді. Тотықсызданған НАДН-тан екі протон мен электронды флавопротеид-1 қабылдай алып, темір-күкірті ақуызға береді, ол протондар мен электрондарды коферментQ-ге тасымалдайды. Кофермент Q екі электронды цитохром в-ға тасымалдап,екі протонды реакция ортасына бөліп шығарады. Электрондар цитохромдар арқылы тасымалданып оттегі активтендіріледі. Активтендірілген оттегі матриксте протондармен байланысып су молекуласын түзеді.
Тыныс алу тізбегінде тыныс алу мен тотығып фосфорланудың үш түйісу орны бар.Біріншісі флавпротеид-1 мен Ко Q, екіншісі темір-күкірті ақуызбен цитохром С1-ді, Үшінші цитохром оксидаза мен оттегінің арасында. Осы түйісу нүктелерінен екі электрон өтіп оттегіне жеткізілгенде матрикстен мембрана аралық кеңістікке алты протондар тасымалданып, протондық потенциал пайда болады.
Тотығып фосфорлану процесі протондық потенциалдың энергиясын қолдану арқылы жүреді. Митохондрийдің ішкі мембранасының құрылымы бұзылмаған кезде, протондар мембрана аралық кеңістіктен матрикске тек АТФ-синтетаза арқылы ендіріледі. Бұл кезде екі протонның энергиясы АТФ-тың бір молекуласын синтездеу үшін ж¢мсалады. Матрикстен АТФ транслоказа ферменттерінің қатысуымен мембрана аралық кеңістікке тасымалданылады.
Ашығу, гиповитаминоз кезінде және қанға оттегінің бұзылуына, ұлпаларға оттегінің тасымалдануының бұзылуына, жасушалардағы оттегінің жұмсалуының бұзылуына байланысты гипоэнергетикалық жағдай пайда болады.