Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.
Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.
6. Кері байланыс сұрақтары:
1. Митохондрийлік электрондарды тасымалдаушы тізбектің құрамына қандай ферменттер кіреді?
2. Тотығып фосфорлану процессі қалай жүреді?
3. Қандай факторлардың әсерінен гипоэнергетикалық жағдай пайда болады?
4. Жалпы катаболизмге қандай процесстер жатады?
6. Пируватдегидрогеназалық жинақтың құрамына қандай ферменттер кіреді?
7. Кребс айналымы қандай биохимиялық қызметтерді атқарады?
№ 5 1.Тақырыбы: Көмірсулардың алмасуы. 2.Мақсаты: Адам тінінің негізгі көмірсулары және биологиялық ролін оқу. Көмірсулардың үлкен үш тобының қызметін білу. Гликолиз және гликонеогенез реакцияларын білу. Гликолиз және глюконеогенездің ( Кори циклі) өзара байланысын түсіндіру. Организмдегі гликогеннің жұмсалу жолдарымен оны биосинтездеу реакцияларының сатыларын және патологиялық процесстердің дамуын түсіндіру.
3. Дәріс тезисі. Барлық белгілі көмірсуларды үш үлкен класқа бөлуге болады: моносахаридтер, олигосахаридтер, полисахаридтер. Олигосахаридтер моно және полисахаридтердің ортасындағы аралық топты құрайды. Негізінен, оларға 10-нан астам моносахарид қалдықтарынан тұратын биополимерлер жатады. Құрамында көмірсуы бар аралас биополимерлерге гликопротеиндер , протеогликандар, пептидгликандар жатады.
Гликопротеиндер - аралас биополимерлер, оның нәруыз молекуласының құрамында қосарланған олигосахарид тізбегі бар. Протеогликандар гликопротеиндерге қарағанда өзінің молекуласында олигосахаридті емес , керісінше О-және N гликозидті байланысы бар ковалентті полисахаридті қосылыстан ( гепарин, хондроитинсульфат, дерматансульфат , кератансульфат, гиалурон қышқылы) тұрады. Пептидгликандар - макромолекулалар болып табылады, оларда салыстырмалы түрде олигопептидті фрагменттер полисахаридті тізбекпен байланысқан ( бактерияның жасуша қабығының пептидогликаны). Адам қан сарысуында тек моносахарид глюкоза (3,3 – 5,7 ммоль/л) бар, ол адам және жануар ағзасының барлық жасушаларының негізгі энергетикалық көзі болып табылады. Көмірсулардың ішектегі гидролизі ұйқы безінің ферменттерімен іске асады ( альфа-амилаза , олиго –1,6 - глюкозидаза) және ішектегі ( мальтаза , изомальтаза, сахараза , лактаза). Ішек жасушаларында сіңірілген моносахаридтер АТФ көмегімен фосфорилденіп, глюкозаға айналады.
Глюкозаның дихотомикалық жолмен аэробты жағдайда ( аэробты гликолиз) пируват түзілу сатысына дейін ыдырауы цитозольде жүреді. Глюкозаның (глюконеогенез) биосинтезі (сүт қышқылынан): лактат қанға түседі, әрі қарай қан ағысымен бауырға жеткізіледі, ол жерде субстрат ретінде гликоген түрінде жаңа түзілістерге қолданылады немесе қайтадан қанға және ұлпаларға түседі. Осының барлығы Кори циклі деп аталады. (глюкоза – лактатты цикл).