Пиримидинді нуклеотидтер биосинтезі. Пиримидинді нуклеотидтердің пиримидинді ядросын құру үшін глутаминнің амид тобы, СО2 мен аспартат қолданылады. Синтез карбомоилфосфатсинтетаза 2 ферментінің әсерінен СО2 мен глутаминнен карбомоилфосфат түзілуінен басталады. Бұл ферменттің карбомоилфосфат1-ден айырмашылығы ағзадағы барлық жасушалар цитозольінде орналасқан. Карбомоилфосфат1 бауыр митохондрийлерінде орналасып, мочевина синтезін бастайды. әрі қарай карбомоилфосфаттрансфераза ферментінің әсерінен аспартатты қолдана отырып уридосуксинат түзіліп, синтездің келесі сатыларында орот қышқылына айналады. Орот қышқылы одан әрі фосфорибозил қалдығы 5-фосфорибозил-1-пирофосфатпен қосылып, декарбоксилдену арқылы уридинмонофосфат түзілетін оротидин-5-фосфат нуклеотиді түзіледі. Пиримидин нуклеотидтері синтезінің тұқым қуалаудағы бұзылуы салдарынан болатын ауру оратацидурия белгілі. Бұл ауруда оротидил қышқылының түзілуі мен декарбоксилденуінде ферменттер жетіспеушілігінен, нуклейн қышқылдарының синтезі үшін қажет пиримидин нуклеотидтерінің жетіспеушілігі байқалады. Ал, орот қышқылы керісінше жинақталады. Карбомоилфосфатсинтезазаның УТФ аллостерлік тежеушісінің жетіспеушілігінен орот қышқылының синтезі артады да, несеппен көп тмөлшерде бөлінеді. Бұл аурумен ауыратындардың несебін тоңазытқанда орот қышқылының ине тәріздес үшкір қатты кристаллдары түзіледі. Пиримидин нкулеотидтерінің жетіспеушілігі ақыл-естің кем болуына және дененің өсуі мен дамуының кемуіне әкеліп соғады. Бұл ауруды емдеу үшін уридинді тәулігіне 0,5-1,0гр мөлшерде қабылдау керек. Бұл УМФ және басқа пиримидин нуклеотидтерінің түзілуін қамтамасыз етеді және бұзылған рекацияларды қалпына келтіреді.
Нуклеотидтер мен аминқышқылдары дәрілік заттар ретінде. Жеке аминқышқылдары мен нуклеотидтердің биологиялық рөлін біле отырып, олардың дәрілік заттар ретінде қолданылатынын айта кету маңызды. Мысалы: глютамин қышқылы жүйке жүйесі ауруларын, эпилепсия, депрессия, Даун синдромы, психика дамуының тежелуіне дәрілік заттар ретінде қолданылады. Глютамин қышқылы гликохолмен қосылып бұлшық ет дистрофиясына қолданылады. Құрамындағы аспарагин қышқылыкалий мен натрий тұздары түріндебар болып келетін аспаркам мен панангин қан айналымының бұзылулары мен миокардтың алмасу процестеріне қолданыды, және де жүректік гликозидтердің артық мөлшері гипокалиемиямен байланысты улану кездерінде қолданылады. Метионин бауыр улануы кездерінде, бауырды май басуда (цирроз) нәруыздық дистрофия кездерінеде емдеу мен алдын-алу шаралары ретінде қолданылады. Атеросклерозбен ауыратын ауруларға метионинді еккенде, қандағы холестерин мөлшері төмендеп, фосфолипидтер құрамы артады.
Гистидинді гепатитті, он кеі елі ішектің асқазан жарасын емдеуге қолданады. Құрамында цистеин, глутамт пен глицин, АТФ, дитаминдер В1, РР, калий-иоды, кальций хлориді және магний хлориді бар жинақталған вицена катаракта ауруында көзге тамызытын тамшымен емдеу ретінде қолданылады. Құрамы аминқышқылынан тұратын ми ұлпасының препараты церебролизин-гидролизат естің ауытқуында, нарколепсия, балалардағы ақыл-естің кемдігінде пайдаланылады. Ақуыздық гидролизаттар тобы гидролизин, аминопептид, аминокровин, фибриносил қан ауыстыруда (плазмозаменяющий) қолданылады. Жеке амин топтарының және витаминдер араласы (смесь) балалардағы церебралды параличті, жүйке жүйесі функциясы бұзылуында, қозғалтқыш аппараттар (опорно-двиг. аппатар) бұзылуында емдеуге қолданылады.
Нуклеотидтік препарат аденозин жүрек бұлшық еттерінің жиырылуының активтілігінде ангинозды криздердің жылдамдығы мен ұзақтығын төмендету үшін және осылай қан айналымды жақсартуға қолданады. АТФ препараттары перифериялық қан тамырларының спазмасы, стенокардия, Рейно ауруында, миокард дистрофиясында және босанудан кейін жатыр жиырылуының активтілігін арттыру үшін қолданылады.