емдеу және алдын алу шараларының жүргізілуіне бақылау;
аурудың дамуының молекулалық механизмдерін оқып-үйрену.
Клинико-биохимиялық зерттеулердің материалдары болып саналады: ағзаның ішкі ортасының биологиялық сұйықтықтары: қан, жұлын сұйықтығы, лимфа, қантамырыішілік сұйықтық.
экскреттер: несеп, өт, сілекей, ішек және асқазан сөлі, нәжіс, тер, көз жасы сұйықтығы, әйелдің емшек сүті, ұрық сұйықтығы, щырышты бөлінулер.
тіндер бөліктері немесе биоптоптар, яғни тірі адамнан алынған арнайы аспаптармен алынған үлгілері немесе хирургиялық отамалар кезінде алынған.
Клиникада ең кең таралған зерттеулер көздері қан және несеп болып табылады, ал басқа биологиялық сұйықтықтар мен экскреттер, сондай-ақ адам тіні салыстырмалы сирек тексеріледі.
Клиникада анықталатын негізгі биохимиялық көрсеткіштер тобы:
макромолекулалар мөлшері, мономерлер мен олардың кейбір алмасу өнімдерін;
витаминдер, коферменттер және олардың алмасу өнімдерінің мөлшері;
су мен минерал заттар мөлшері;
жасуша сыртылық реттеушілер-гормондар, гормоноидтар, нейромедиаторлар, гуморальді реттеушілер мен олардың алмасу өнімдерінің мөлшері.
Фармацевтикалық биохимия.Фармацетикалық биохимия фармация міндеттерін шешу үшін қолданылатын биохимиялық білімдерінің жиынтығы болып табылады. Биохимиялық зерттеулер рациональді дәрілер түрін, дәрілердің сапасын стандарттау және бақылау, дәрілік заттардың талдау және өнімдеу, жаңа дәрілік заттардың ізденуінде және олардың метаболизмін талдау негізінде тиімділігін бағалау үшін қажет. Осы міндеттерін шешу үшін биохимия фармацевтикалық ғылымдармен. Дәрілік технологиямен тығыз байланысты жұмыс атқарады.
Белгілі дәрілік заттардың немесе олардың комбинациясын, нақты дәрілік түрлерін биологиялық саланы негізге ала отырып өндіру үшін: фармацевтикалық химиямен, фармацевтикалық биохимиямен дәрілердің сапасын стандарттау және бақылау, дәрілік заттарды синтездеу үшін қолданылатын биохимиялық әдістердің негіздеу сұрағында, фармакология және токсикологиямен дәрілер мен улардың метаболизмінің сұрақтарында қолданылады.
Әрбір жаңа дәрілік зат белгілі дәрілік түрге жататын, ағзада оның жүру тәртібін анықтайтын жан-жақты зерттеулерді қажет етеді.
Ағзадағы дәрі метаболизмінің жалпы теориясы нақты ағза мен дәрінің әртүрлі кезеңдегі қарым-қатынасы және реттелудің табиғи процестермен өзара байланысы ферменттік жүйенің қызметіне негізделген.
Осы сұрақтардың шешуінде биохимияның ролі орасан зор. Ағзадағы дәрілердің фармацевтикалық жолмен өзгеру ерекшеліктері білімі:
- белгілі орган немесе тінге препараттың тиімді әсер етуі;
- белгілі дәрінің түрін қолдануды негіздеу;
- дәрінің кері әсер етуі себебін анықтау;
- дәрінің алғашқы түрін бағалауға көмектесуін нақтылайды.
Дәрінің сапасын стандарттау мен бақылау фармацевтикалық қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Табиғи препараттар өздерінің әсер етуі бойынша биореттеушілер тобына жататын (гормондар, гормоноидтар, витаминдер) химиялық және биологиялық стандарттау тәсілдері қолданылады.
Кәдімгі биологиялық стандарттау егер, осы препараттардың дәл физико-химиялық әдістері талқыланғанда химиялық түрмен алмасады. бірақ, бірқатар препараттар үшін, мысалы, нәруыз, гормондар тек қана биологиялық стандарттау қол жетерлік. Себебі, осы гормондардың мөлшеріне препараттар үлгісінде химиялық әдістермен анықтай отырып, олардың биологиялық белсенділігіне баға берілмейді.
Фармацевтика өндірісінде, аналитикалық химия және медицинада аналитикалық реагенттер ретінде, кәбіне иммобилизделген ферментер қолданылады. Заттарды ферменттік талдау зиянсыз және жоғары талғампаздылыққа ие.
Иммунобилизделген ферментер химия-физика фармация өндірісте дәрілік заттарды синтездеу үшін қолданылады. Ферментер тез, арнайы және артық өнімдерсіз, заттардың синтезін жүргізеді.
Ағзаға дәрілік заттардың қалыпты әсер етуі, оның қолданылғандәрілік түріне байланысты. Кез-келген дәрілік заттарды қолдануды, дәрілік түрін таңдау шарты болып табылатын, енгізілген дәрімен байланысатын биологиялық ортаның шарт белгілері, ауыз қуысының, асқазан және ішек биологиялық сұұйықтықтардың және ағзаның ферменттік құрамы мен физика-химиялық қасиеттері.