Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет38/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125
¦йқы безінің гормондары:
¦йқы безінің гормондарына жататындар: инсулин мен глюкагон.
Инсулин гормонын 1954ж Ф.Сэнгер ашты. Панкреатитті каналшықтарынан ашқан ол, бірінші реттік құрылымын да анықтайды.Инсулиннің құрылысы оның алғашқы өкілі-проинсулиннен алынған. Тіпті оның ең алғашқы өкілі болып препроинсулин болып табылады. Инсулин гормоны жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы дамиды.
Глюкагон гормоны ұйқы безіндегі панкреатикалық каналшықтардың α-жасушаларында синтезделеді,Глюкагон өзінің алғашқы өкілі проглюкагоннан құралады. Инсулин мен глюкагон заттар алмасуының реттелуінде, молекулалық деңгейде ең маңызды рөл атқарады.
Стероидтық гормондар.Бүйрек үсті бездерінің гормондарын кортико-стероидтар деп атайды. Оларды екі түрге жіктейді глюкокортиккопдтар және минералокортикоидтар. ¤кілдері прегнан, кортикостерон, гидрокортизон, кортизол, кортизон,альдостерон және т.б.
Жыныстық гормондар:
Әйел жыныс гормондары.Негізгі өкілдері прогестерон, эстрадиол, эстрон,эстриол.
Еркек жыныс гормондары.Негізгі өкілдері андростерон, тестостерон, дегидроэпианандростерон.Простагландиндер. Простагландиндер дегеніміз гормонға ұқсас заттар,олар С2О-полинді май қышқылдарының туындылары болып келеді. Бұл гормондарды Эйлер деген ғалым ашқан. Простагландиндердің түзілуі: Простагландиндердің ағзада көбейіп кетуі немесе кеміп кетуі патологиялық процесстерге әкеп соғады, желіну немесе суықтау тромбозаларға, асқазан жарасының асқынуы және т.б. аурулары дамиды.
Гормондардың әсер ету механизмдері үш түрге жіктеледі:

  1. мембраналық;

  2. мембранды-жасуша ішілік;

  3. цитозольды.

Заттар алмасуының реттелуі нерв жүйесі және эндокринді жүйе арқылы жүреді. Мидан келген нерв импулстер гипоталамустағы нейропептидтердің, және гипофиздің троптық гормондардың түзілуіне әсер етіп реттейді, олар өз әсерін перифериялық бездердің гормондарын түзілуіне әсер етеді.Гормондар органикалық заттар, ерекше бездерде түзіледі. Аз мөлшерде болған мен (10-9) ағзадағы барлық физиологиялық қызметтеріне және зат алмасуының реттелуіне әсер етеді.
Гормондар химиялық табиғаты бойынша бес топқа бөлінеді:

  1. күрделі ақуыздар – гликопротеиндер

(ФСП, ПГ,ТТГ)

  1. жай ақуыздар ( пролактин,СТГ,инсулин)

  2. пептидтер (АКТГ, глюкагон, кальцитонин, вазопрессин, окситоцин, санатостатин)

  3. аминқышқылдардың туындылары (тироксин, адреналинмелатонин)

  4. стероидтардың және жоғары қышқыл майлардың туындылары

( кортикостероидтер, жыныс гормондары, простигландиндер)
Гормондардың әсер ету механизмінің Үш тҮрі бар:

  1. мембранды ( биологиялық мембранасын өткізушілігіне тікелей әсер етеді).

  2. мембранды-жасушалық. Гормондар жасушаға өтпейді, бірақ жасуша-ішілік өкілдеріне әсер етеді ( цАМФ, ц ГМФ).

  3. цитозолді гормондар жасушаға өтеді, сонан соң цитозолді рецепторлармен комплекс құрады. Ферменттердің белсенділігіне әсер етеді, ядро құрамындағы хромосом гендеріна әсер етеді. Стероидты гормондардың қызметін, зат алмасуын өзгертеді.

Гипоталамо-гипофизарлық жүйе. Гипоталамус жасушаларда ерекше пептидтер синтезделеді (либериндер, статиндер). Либериндер: самотолибериндер, тиролибериндер, кортиколибериндер, фоллибериндер, люлиберин, пролактолиберин. Эпифизде триптофаннан мелатонин гормоны түзіледі. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондары:

  • соматотропин (СТГ)

  • адренокортикотропин гормондар

  • тиреотропты гормондар (ТТГ)

  • гонадотропты гормондар (ФСГ, ЛГ)

  • пролактин (ЛТГ)

Гипофиздің ортаңғы бөлігі гормондары:

  • вазопрессин;

  • окситоцин.

Перифериалық эндокринды бездерінің гормондары:
Қалқанша безі-тироксин, трипдтиронин, кальцитонин. Қалқанша маңызының безі-паратгормон
Тимус гормоны-тимозин, асқазан үсті безінің гормоны-инсулин, глюкагон бүйрек үстінің гормоны-альдостерон, дезоксикортикостерон, кортизон, кортикостерон, андрогендер және эстрогендер. Мишық заттың гормондары-тестостерон, андростерон, метилтестостерон, эстрон, эстриол, прогестерон, релаксин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет