7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Қабыну - тіндері әр түрлі агенттердің әсерінен зақымдалған организмнің тамырлары мен мезенхималық құрылымдары арқылы жергілікті, кешенді жауабы. Бұл жауап кеселді агентті жойьш, зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге бағыталған. Қабыну - потологиялық және физиологиялық үдерістерге негізделіп, филогенезде қалыптасқан қорғаныстық-бейімделулік үдеріс. Оның құрамында патологиялық та, физиологиялық үдерістер бар. Осы қос мәнділігі - оның өзіндік ерекшелігі.Қабынудың этиологиясы
Қабынуды биологиялық, физикалық (жарақаттық), химиялық факторлар дамытып, олар бұл себептердің табиғаты тұрғысынан, эндогендік немесе экзогендік болуы мұмкін.
Биологиялық себептердің ішінде маңыздылары: вирустар, бактериялар, саңырауқүлақтар мен паразиттер. Биологиялық себептер тобына қанайналымындағы иптиденелер мен құрамына, кейде табиғаты микробтық емес антиген мен антидене және комлементтер кіретін иммундық кешендерді жатқызуға болады.
Қабынуды дамытатын физикалық факторларға сәулелік және электрлік энергияны, жоғары және төмен температураны, әр түрлі жарақаттайтын басқа да себептер жатқызылады.
Химияльқ факторлар тобы қабынулық жауапты дамыта алатын әр түрлі химиялық заттарды, токсиндер мен уларды қамтиды.
Қабыну үдерісінің бейнесіне этиологиялық факторлардың ғана емес, организм реактивтілігінің (сезімталдығының) ерекшелігі де әсер етеді.Қабынудың морфологиясы мен патогенезі. Қабыну микроскопиялық ошақтар түзіп немесе белгілі бір жерді ауқымды қамтып, ошақты ғана болмай, диффузды сипатта да дамиды. Бірде белгілі бір тіндік жүйеде дамып, жүйелік (дәнекер тін жүйесін зақымдайтын ревматизмдік ауруларда) деп аталады. Енді бірде, қабынудың шектеулі (локальді) немесе жүйелік екенін ажырату қиын болады.
Қабыну гистионда дамып, біртіндеп бірі екіншісі ұласатын, сабақтас үш фазадан: 1) альтерация; 2) экссудация; 3) гематогендік және гистиогендік жасушалар, кейде паренхималық жасушалар да көбейетін пролиферация үдерістерінен қалыптасады. Бұл фазалардың өзара сабақтастығы IX тәсімде бейнеленген.
Пролиферациялы (өнімдік) қабыну кезінде жасушалар. мен тіндік элементтердің көбеюі басым. Қабынудың бұл түрінде альтерациялық және экссудациялық өзгерістер онша айқын болмай, пролиферацияның тасасынды қаладі. Көбею барысында ошақты немесе шашырай жайғасқан (диффузды) жасушалық инфильтрат (сіңбе) қалыптасаді Оның кұрамы негізінен полиморф-жасушалы, лимфомоноцитті, макрофагты, эпителиоид немесе «алып» жасушалы, т.с.с. болуы мүмкін. Өнімдік қабыну кез келген мүше мен тінде дами алады. Ппролиферациялы қабынудың 1) аралық (интерстицийлік); 2) гранулемалы және 3) полип (бүртік) немесе істікүшты кондилома түзетін түрлері бар.
Гранулемалар морфологиялық бейнесі тұрғысынан, үш түрге бөлінеді: 1) макрофагтық гранулема (жай гранулема, фагоцитома); 2) эпителиоид-жасушалы гранулема (эпителиоцитома); 3) алып-жасушалы гранулема.
Достарыңызбен бөлісу: |