5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Қабыну - тіндері әр түрлі агенттердің әсерінен зақымдалған организмнің тамырлары мен мезенхималық құрылымдары арқылы жергілікті, кешенді жауабы. Бұл жауап кеселді агентті жойьш, зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге бағыталған. Қабыну - потологиялық және физиологиялық үдерістерге негізделіп, филогенезде қалыптасқан қорғаныстық-бейімделулік үдеріс. Оның құрамында патологиялық та, физиологиялық үдерістер бар. Осы қос мәнділігі - оның өзіндік ерекшелігі.Қабынудың этиологиясы
Қабынуды биологиялық, физикалық (жарақаттық), химиялық факторлар дамытып, олар бұл себептердің табиғаты тұрғысынан, эндогендік немесе экзогендік болуы мұмкін.
Биологиялық себептердің ішінде маңыздылары: вирустар, бактериялар, саңырауқүлақтар мен паразиттер. Биологиялық себептер тобына қанайналымындағы иптиденелер мен құрамына, кейде табиғаты микробтық емес антиген мен антидене және комлементтер кіретін иммундық кешендерді жатқызуға болады.
Қабынуды дамытатын физикалық факторларға сәулелік және электрлік энергияны, жоғары және төмен температураны, әр түрлі жарақаттайтын басқа да себептер жатқызылады.
Химияльқ факторлар тобы қабынулық жауапты дамыта алатын әр түрлі химиялық заттарды, токсиндер мен уларды қамтиды.
Қабыну үдерісінің бейнесіне этиологиялық факторлардың ғана емес, организм реактивтілігінің (сезімталдығының) ерекшелігі де әсер етеді.Қабынудың морфологиясы мен патогенезі. Қабыну микроскопиялық ошақтар түзіп немесе белгілі бір жерді ауқымды қамтып, ошақты ғана болмай, диффузды сипатта да дамиды. Бірде белгілі бір тіндік жүйеде дамып, жүйелік (дәнекер тін жүйесін зақымдайтын ревматизмдік ауруларда) деп аталады. Енді бірде, қабынудың шектеулі (локальді) немесе жүйелік екенін ажырату қиын болады.
Қабыну гистионда дамып, біртіндеп бірі екіншісі ұласатын, сабақтас үш фазадан: 1) альтерация; 2) экссудация; 3) гематогендік және гистиогендік жасушалар, кейде паренхималық жасушалар да көбейетін пролиферация үдерістерінен қалыптасады. Бұл фазалардың өзара сабақтастығы IX тәсімде бейнеленген.
Экссудация - альтерация дамып, медиаторлар бөлінгеннен кейін дамитын фаза. Ол бірқатар даму кезеңдерінен өтеді: микроциркуляциялық арнаның жауабы басталып, қанның реологиялық қасиеті өзгереді; қан плазмасының құрамындағы заттар шығады (экссудация); қанның жасушалары шығандайды (эмиграция); фагоцитоз жүзеге асады; экссудат пен жасушалардан қабынулық инфильтрат (сіңбе) қалыптасады.
Экссудациялы қабыну кезінде экссудациялы фаза басым болып, тіндер мен дене қуыстарына экссудат (жалқық) жиналады. Экссудаттың құрамы мен қабынудың дамыған жеріне қарай, экссудациялы қабыну: 1) ұйымалы; 2) фибринді; 3) ірінді; 4) шіритін; 5) геморрагиялы; 6) катарлы және 7) аралас түрлерге жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |