Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет18/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Этиологиясы. Гранулемалы қабынудың (гранулематоз) себептері әр текті. Гранулеманың инфекциялық, бейинфекциялық және даму тегі анықталмаған түрлері бар. Инфекциялық гранулемалар бөртпе сүзек, іш сүзегі, ревматизм, құтыру, вирустық энцефалит, туляремия, бруцеллез, туберкулез, мерез, алапес, склерома кезінде байқалады. Бейинфекциялық гранулемалардың қалыптасуына тозаңдық аурулар (силикоз, талькоз, асбестоз, биссиноз, т.б), дәрі-дәрмектер (гранулемалыгепатит, олеогранулемалы ауру) себеп болады. Гранулема бөгде денелерді қоршап та түзіледі. Даму тегі анықталмаған гранулемалар тобына саркоидоз, Крон және Хортон аурулары, Вегенер гранулематозы, т.б. гранулемалар жатады. Этиологиясын негізге ала отырып қазір гранулемалы аурулар тобы жеке топ деп танылғап
Патогенезі әрқилы. Гранулеманың қалыптасуының екі шарты бар: бірі - моноциттік фагоциттерді жандандырын жетілтіп, макрофагқа түрленуін қамтамасыз ететін зат қажет; екіншісі, тітіркендіргіш фагоциттің әсеріне тозімді болуы керек. Бұл шартқа иммундық жүйе әрқилы жауап беруі мүмкін. Кейде эпителиоидтық және алып жасушалардың фагоциттік белсенділігі, яғни фагоцитозы, төмен грануламада, фагоцитоз эндоцитобиоз арқылы жұзеге асып, сезімталдық артуы жауабының баяу типі (САБТ) орын алады. Ондайда, әдетте иммундық гранулема қалыптасып, оның морфологиялық негізін эпителлоид жасушалар мен Пирогов - Лангханстың алып жасушалары құрайды. Енді бірде, фагоцитоз айтарлықтай болып бейиммундық гранулема түзіліп, құрылымдық негізі фагоцитома қалайды, кейде бөгде денелік алып жасушалардан түзілген, алып жасушалы гранулем құрайды.
.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 10 мин
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
А) «Крупозды пневмония» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Б) «жүрек фибринозды перикардиті» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Крупозды пневмония» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Перикардтың фибринозды қабынуы». препартаттың микроскопиялық зерттеуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет