Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет35/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Патологиялық анатомиясы. Гипертония ауруының морфологиялық бейнесі оның ағымы мен сипатына байланысты, сондықтан алуан түрлі.
Клиникалық ағымы тұрғысынан бұл ауру қатерлі (қатерлі гипертензия) және (қатерсіз гипертензия) деп бөлінеді.
Клиника- морфологиялық нысандары
Тамырлар өзгерісі мен геморрагия, некроз,склероз процестері жүрек, ми, бүйрек сияқты ағзалардың қайсысында басымырақ дамығанына қарай гипертония ауруының клинико- морфологиялық нысандары жүректік, милық және бүйректік деп жіктеледі.
Гипертония ауруының жүректік нысаны ,атеросклероздың жүректікнысан сияқты, жүректің ишемиялық ауруының негізі болып табылады.
Гипертония ауруының милық нысаны ми тамырлары сырқаттарының негізі Гипертония ауруының бүйректік нысаны жедел және созылмалы ағымды болады.
Жүректің ишемиялық ауруы – жүректе қанайналымы толықтоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп аталады.
Патогенездік факторлары ортақ.олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидимия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылы диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.
Миокард инфарктісі
Миокард инфарктісі дегеніміз - жүректің бұлшықетті қабатының ишемиялық некрозы.Оның клиникалық бейнесіне электр- кардиографиялық өзгерістер және ферментемия тән. Ол, әдетте, қызыл кемерлі ишемиялық (ақ ) инфаркт болады.
Классификациясы мен патологиялық анатомиясы.
Миокард инфарктісі: 1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына, 3) қамтыған көлеміне және 4) даму барысына (ағымына) қарай жіктеледі.
Миокард инфарктісі дегеніміз- мерзімдік ұғым.Оның даму мерзімі ишемия басталған сәттен 8 аптаға созылса, алғашқы (первичный) инфаркт деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет