Кардиомиопатиялар Кардиомиопатиялар (грекше: kardia – жүрек, myos – бұлшықет, pathos – ауру, кесел)- миокардтағы өзгерістер дистрофиядан басталатын сырқаттар тобы. Бұл топқа жүректің тамырлық сырқаттары мен ревматизмдік аурулардың қатысы жоқ (бейкоронарлық және бейревматиздік кардиомиопатиялар) жатады. Кардиомиопатиялардың этиологиясы мен патогенезі әртүрлі болғанмен, клиникалық бейнесі ұқсас. Олардың клиникалық бейнесінің негізі – миокардтың жиырылу қабілетінің (функциясының) жеткіліксіздігі, ал морфологиялық негізі – дистрофия.
Классификациясы. Кардиомпатиялар бірінші ретті (идиопатиялық) топқа және екінші ретте (салдарлық) топқа жіктеледі.
Бірінші ретті (идиопатиялық) Кардиомиопатиялар 1) гиперопатиялық (констрикциялық), 2) дилатациялық (конгестивтік) және 3) рестикциялық (эндомиокардтық фиброз) деп аталатын түрлері бар. Екінші ретті кардиомиопатияның дамуы: 1) улану (алкогольмен, этиленгликольмен, ауыр металдардың тұздарымен улану уремия, т.б), 2) инфекциялар (вирустық инфекциялар, сүзек, триопаносомоз – Шигас ауруы, трехеннеллез, т.б), 3) тұқымқуалайтын (тезаурисмоздар, амилоидоз бен гиалиноз) және жүре болатын заталмасулық аурулар (подогра, тиреотоксикоз, гиперпаратиреоз, авитаминоз, электролиттер мен стероидтар алмасуының бұзылуы), 4) асқорыту жүйесінің аурулары (сіңіру бұзылатын синдром, панкреатит, бауыр циррозы, т.б.) себеп болады.
Атеросклероз Атеросклероз (гр.athere – қойыртпақ; sklerosis – қатаю, шорлану) – майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан, эластикалы және бұлшықетті –эластикалы тамырлардың ішкі қабатына майлар мен белоктар шөгіп, сол жерлерде талшықты дәнекер ткань көбейіп, склероздамитын ауру.
Этиологиясы. Атеросклерозды дамытатын негізгі себептер мыналар: 1) зат алмасуынабайланысты факторлар; 2) гормондық фактолар; 3) артериялық гипертония; 4) психоэмоциялық күйзеліске ұшырататын стресс пен конфликтілі жағдайлар; 5) қантамырларындағы өзгерістер; 6) тұқымқуалайтын және этникалық факторлар.
Заталмасу процесімен байланысты факторлардың ішінде негізгіорынды май мен белок, әсіресе холестерин мен липопротеидтер алмасуның бұзылуы алады.
Атеросклероздың макроскопиялықбейнесінің даму барысын: 1) майлы дақтар мен жолақтар; 2) фиброзды түймешелер; 3) ойық жаралар, қанды ошақтар мен тромбылы қатпарлар сияқты асқынған зақымды фиброзды түймешелер және 4) кальциноз бен атерокальциноз процестері жақсы бейнелейді.
Жүректің ишемиялық ауруы – жүректе қанайналымы толықтоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп аталады.
Патогенездік факторлары ортақ.олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидимия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылы диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.