Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет34/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Морфогенездік тұрғыдан, кардиосклероз постинфарктілік (инфарктіден дамыған), қалпына келтіретін және миокардиттік деп үш түрге бөлінеді. Постинфарктілік кардиосклероз әдетте ірі ошақты, ал қалпына келтіретін – ұсақ ошақты болса, миокардиттік – жүрек бұлшықетін біркелкі қамтып, диффузды түрде өрістейді.
Клиникалық мәні. Кардиосклероз миокардтың жиырылу күшін кемітіп, оның қызметін жеткіліксіз етеді жәнежиырылу ырғағын бұзады. Ірі ошақты постинфарктілік кардиосклероз жүректіңсозылмалы ағымды аневризмасына ұласады.
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары
Жүрек-тамыржүйесінің аурулары адамның бүгінгі таңдағы патологиясында басты орын алады. Статистикалық деректер атеросклероз, гипертонияауруы, жүректің ишемиялық ауруы мен жүрек кемістіктері сырқаттануының басым көпшілігін қамтып, өлім- жітімінің де негізгі себебі екендігі дәлелдейді.
Ең маңызды жүрек-тамыр ауруларының қатарына эндокардит, миокардит, жүректің әртүрлі кемістіктері, кардиосклероз, атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы менми тамырларының аурулары және васкулиттер жатады.
Эндокардит
Эндокардит- жүректің ішкі қабаты, яғни эндокардтың қабынуы. Ол көбіне бірқатар сырқаттардың, әсіресе инфекциялық аурулардың салдары ретінде дамиды [екінші реттіэндокардит]. Эндокардиттің бактериялық эндокардит, эозинофилді фибропластикалық париеталдық эндокардит сияқты бірінші ретті, яғни дербес нозологиялық түрлері де бар.
Миокардит
Миокардит- миокардтың яғни жүрек бұлшықетінің қабынуы. Ол, әдетте, вирустық (полиомиелит, қызылша, мононуклеоз, вирустық жедел ағымды респирациялық инфекциялар), риккетсиялар (бөртпе сүзек), бактериялық (дифтерия, скарлатина, туберкулез, сифилис, сепсис) және протозойлық (трипаносомоз) инфекциялардың немесе инфекциялы –аллергиялық сырқаттардың салдары ретінде дамиды. Миокардиттің бірінші ретті, дербес түрі-идиопатиялық миокардит деп аталады.
Гипертония ауруы [синонимдері: біріншіретті (эссенциалдық] гипертензия, жоғары қысымды артериялық ауру) – басты клиникалық белгісі артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты түрде жоғарылауымен (гипертензиямен) бейнеленетін созылмалы ағымды сырқат.
Этиологиясы. Гипертонияауруы шектен тыс психика- эмоциялық әсерден жоғары жүйке жүйесі зорығып, невроз тектес сырқат өрістеп, тамырлардың тонусы дұрыс реттелмегендіктен дамиды [Ланг Г.Ф.,1922; Мясников А.Л.,1954]. Тұқымқуалайтын факторлар мен ас тұзын тым көп пайдаланудың әсеріне де зор мән беріледі.
Патогенезі. Гипертония ауруының даму механизміне: 1) нервтік, 2) рефлекторлық, 3) гормондық, 4) бүйректік және 5) тұқымқулайтын факторлар қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет