Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет58/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.


6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.


7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Бауыр, ұйқы безі мен өтжолдарының қызметі мен топографиялық анатомиясы сабақтас болғандықтан, көбіне бұл ағзаларда дамитын аурулардың патогенезі де өзара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән-мазмұны мен патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алады.
Бауыр аурулары.
Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын бірінші ретті (бауырдың өзіндік аурулары ) және екінші ретті (бауыр басқа аурулардан зақымдалатын) түрлері бар.
Бауырдың сырқаттарын көбінесе инфекциялар [эпидемиялы гепатит, жедел ағымды сары қалтырау (лихорадка), лептоспироз, описторхиз, сүзек және т.б.], эндогендік (уремия, тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар) улардың әсері дамытады. Қанайналымның (шок, қанның созылмалы іркілуі), тағамның (белок және витамин жетпеуі) мен заталмасу процесінің дұрыс болмауының (заталмасулық сырқаттары) да маңызы зор.
Гепатоз
Гепатоз – гепациттерде дистрофия және некроз процестері басым болатын сырқат; ол тұқымқуалайды немесе жүре пайда болады.
Жүре пайда болатын гепатоздардың жедел және созылмалы ағымды түрлері бар. Жедел ағымды гипатоздардың ішінде ең маңыздысы бауырдың токсикалы дистрофиясы (бауырдың өршімелі көлемді некрозы) болса созылмалы гипотоздың ішінде-майлы гепатоз.
Гепатит
Гепатит – баурыдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну процесіне тәе клеткалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа ауруың көрінісі ретінде байқалып,екінші реттік (салдарлық) түрде дамиды. Гепатит жедел не созылмалы ағымды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет